О внесении изменений в постановление акимата города Костаная от 13 июня 2016 года № 1377 «Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Костаная от 13 июня 2016 года № 1377 «Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 1377 «Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру–сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістерді енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 434
- Қабылданған күні
- 14.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2023 179048_621615.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23NA009942
- ЭКБ идентификаторы
- 179048
- Редакция идентификаторы
- 179048_621615
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:13
0 Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 1377 «Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістерді енгізу туралы
Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай қаласы әкімдігінің «Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті щарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы» 2016 жылғы 13 маусымдағы № 1377 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 6535 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы»;
2) көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру – сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін»;
3) көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру – сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері».