О внесении дополнения в решение районного маслихата от 13 апреля 2016 года № 15 "О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения в Иргизском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение районного маслихата от 13 апреля 2016 года № 15 "О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения в Иргизском районе"
- Атауы (қаз.)
- "Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 54
- Қабылданған күні
- 22.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2022 109163_583247.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CE005225
- ЭКБ идентификаторы
- 109163
- Редакция идентификаторы
- 109163_583247
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:46
0 "Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386, 444 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 "Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4900 тіркелген, "Ырғыз" аудандық газетінде 2016 жылы 18 мамырда жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағында:
"Ырғыз ауданында" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.