О внесении изменения в постановление акимата Макатского района от 13 октября 2016 года № 165 «Об установлении квоты рабочих мест по Макатскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Макатского района от 13 октября 2016 года № 165 «Об установлении квоты рабочих мест по Макатскому району»
- Атауы (қаз.)
- Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 165 «Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 104
- Қабылданған күні
- 15.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2024 113113_690292.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17TG003903
- ЭКБ идентификаторы
- 113113
- Редакция идентификаторы
- 113113_690292
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:47
0 Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 165 «Мақат ауданы
бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы №165 «Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3666 санымен тіркелген, аудандық «Мақат тынысы» газетінде 2016 жылғы 10 қарашада жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Ұйымдардың тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Мақат ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін.».