О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 января 2016 года № 24 «Об утверждении Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы послевузовского образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 января 2016 года № 24 «Об утверждении Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы послевузовского образования»
- Атауы (қаз.)
- «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 672
- Қабылданған күні
- 05.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.09.2024 200417_718614.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035037
- ЭКБ идентификаторы
- 200417
- Редакция идентификаторы
- 200417_718614
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:47
0
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13134 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. PhD докторантураға «магистр» дәрежесі (педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасын меңгергені туралы куәлік болған кезде бейінді магистратураның түлектері), бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға - магистратура немесе бейінді магистратураға теңестірілген жоғары арнаулы білімі базасында, құқық қорғау органдарында кемінде 1 (бір) жыл практикалық жұмыс өтілі немесе ғылыми-педагогикалық өтілі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.».