О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата от 13 мая 2016 года № 2/8 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Шиелийского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата от 13 мая 2016 года № 2/8 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Шиелийского района»
- Атауы (қаз.)
- «Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 мамырдағы № 2/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23/25
- Қабылданған күні
- 13.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.11.2024 203095_729521.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24LI856811
- ЭКБ идентификаторы
- 203095
- Редакция идентификаторы
- 203095_729521
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:43
0 «Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 мамырдағы № 2/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 мамырдағы № 2/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5514 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереженің 7, 9, 10-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Құрмет грамотасымен наградтау жөнiндегi ұсынымдарды еңбек, шығармашылық ұжымдары, аудандық өкiлдi және атқарушы органдар, қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың басшылары енгiзедi және дұрыс енгiзiлген мәлiметтер үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.»;
«9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келiп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнiнде ұсыныс әзiрленуi үшiн наградтау жөнiндегi аудан әкiмi жанындағы комиссияға (бұдан әрi – Комиссия) жiберiледi.
Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкiмi мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың мiндеттерiн атқарушының) бiрлескен өкiмiн шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешiм қабылданады.»;
«10. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргiзiледi. Құрмет грамотасын аудан әкiмi немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.».