Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 февраля 2017 года № 107 «Об утверждении Правил ведения учета лиц, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан»

Бұйрық · № 25 · қабылданған 14.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2017-no-107-ekb-128452/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 февраля 2017 года № 107 «Об утверждении Правил ведения учета лиц, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 25 ·14.01.2019
14.01.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 февраля 2017 года № 107 «Об утверждении Правил ведения учета лиц, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 25 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 февраля 2017 года № 107 «Об утверждении Правил ведения учета лиц, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
25
Қабылданған күні
14.01.2019
Көрсетілген редакция
14.01.2019 128452_385435.kaz
Соңғы өзгеріс
14.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018194
ЭКБ идентификаторы
128452
Редакция идентификаторы
128452_385435
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:21

0 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын
адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14918 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сотталғандарды есепке алу құжаттары Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарына (бұдан әрі - ҚСжАЕК) жолданады.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Салыстыру нәтижелері туралы бақылау парағында салыстырудың өткізілген күні туралы белгі қойылады және салыстыруды өткізген қызметкердің тегі көрсетіледі, екі данада еркін нысанда акті жасалады, оның біреуі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Қылмыстық - атқару жүйесі департаменттеріне (бұдан әрі - ҚАЖД) жолданады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

4 4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы