О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 февраля 2017 года № 107 «Об утверждении Правил ведения учета лиц, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 февраля 2017 года № 107 «Об утверждении Правил ведения учета лиц, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 861
- Қабылданған күні
- 03.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2022 173518_600117.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200030441
- ЭКБ идентификаторы
- 173518
- Редакция идентификаторы
- 173518_600117
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:12
0 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14918 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 134) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларында:
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Сотталғандардың уақытылы босатылуын қамтамасыз ету және сотталғандардың жеке істерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жылына екі рет, қаңтардың және шілденің бірінші жұмыс күні сотталғандардың жеке істеріндегі құжаттардағы бас бостандығынан айыру мерзімі туралы мәліметтерді, есепке алу және бақылау - мерзімдік карточкаларындағы жазалардың мерзімдері туралы және ОАДҚ-дағы деректермен салыстыру жүргізіледі, сондай-ақ жылына кемінде бір рет сотталғандардың жеке істері мен карточкалары сотталғандардың мекемедегі нақты болуымен салыстыру жүргізіледі.».