О внесении изменений в постановление акимата Каракиянского района от 13 декабря 2017 года № 262 «О предоставлении помещений кандидатам на договорной основе для встреч с избирателями и определение мест для размещения агитационных печатных материалов в период выборов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Каракиянского района от 13 декабря 2017 года № 262 «О предоставлении помещений кандидатам на договорной основе для встреч с избирателями и определение мест для размещения агитационных печатных материалов в период выборов»
- Атауы (қаз.)
- Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 «Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 178
- Қабылданған күні
- 28.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2021 159238_540201.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21MD024629
- ЭКБ идентификаторы
- 159238
- Редакция идентификаторы
- 159238_540201
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:33
0 Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 «Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 «Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3495 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Қарақия ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4 Қарақия ауданының аумағында барлық үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарақия аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
Қарақия ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 178
Қаулыға қосымша
Әкімдіктің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 262 қаулысына 2 қосымша
Қарақия ауданының аумағында барлық үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№
Елді мекеннің атауы
Орналасқан жері
1
Құрық ауылы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 1 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы тақта
2
Мұнайшы ауылы
Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының жанындағы тақта
3
Жетібай ауылы
Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық орталық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы тақта
4
Сенек ауылы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Қашаған Күржіманұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы тақта
5
Бостан ауылы
Бостан ауылдық округінің саябақ алаңының жанындағы тақта
6
Құланды ауылы
Құланды ауылдық округінің саябақ алаңының жанындағы тақта
7
Болашақ ауылы
«Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд