О внесении изменений в постановление акимата Каракиянского района от 13 декабря 2017 года № 262 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов в Каракиянском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Каракиянского района от 13 декабря 2017 года № 262 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов в Каракиянском районе»
- Атауы (қаз.)
- Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 «Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 11.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2022 164002_557438.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22MD026535
- ЭКБ идентификаторы
- 164002
- Редакция идентификаторы
- 164002_557438
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:46
0 Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 «Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 «Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3495 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«2. Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасындағы 3 жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«
3
Жетібай ауылы
Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық орталық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының жанындағы тақта
».
2 2. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарақия аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы