Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 сентября 2017 года № 309 «Об утверждении Правил субсидирования энергопроизводящих организаций на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона»

Бұйрық · № 206 · қабылданған 22.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2017-no-309-ekb-143119/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 сентября 2017 года № 309 «Об утверждении Правил субсидирования энергопроизводящих организаций на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона» Қолданыста Бұйрық ·№ 206 ·22.05.2020
22.05.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 сентября 2017 года № 309 «Об утверждении Правил субсидирования энергопроизводящих организаций на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона»

Қолданыста Бұйрық ·№ 206 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 сентября 2017 года № 309 «Об утверждении Правил субсидирования энергопроизводящих организаций на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона»
Атауы (қаз.)
«Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
206
Қабылданған күні
22.05.2020
Көрсетілген редакция
22.05.2020 143119_464805.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020706
ЭКБ идентификаторы
143119
Редакция идентификаторы
143119_464805
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:23

0 «Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі

№ 309 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15903 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Энергия өндіруші ұйымдар отын сатып алуды «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.»;
6-тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешек туралы мәліметтері бар бухгалтерлік баланс;»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жергілікті атқарушы орган өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша отын сатып алуға субсидия берілетін энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және отын көлемі мен бөлінген субсидия сомасын көрсете отырып, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады және табиғи монополиялардың тиісті салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Отын көлемдері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген) сәйкес анықталады.
10. Субсидиялар энергия өндіруші ұйымдар өтінім берген отын түрі мен көлемі бойынша деректерді негізге ала отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
C – бөлінетін субсидияның сомасы, теңге;
Vқс – қажетті субсидия көлемі, теңге;
N – өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешекті жинау тиімділігінің коэффициенті, %.
Қажетті субсидия көлемі (Vқс) мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Vо – отын көлемі, тонна;
Со – есептік жылға отын құны, теңге.
Өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешекті жинау тиімділігінің коэффициенті (N) мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖДБ – өткен күнтізбелік жыл үшін жиналған дебиторлық берешек сомасы, теңге;
ДБ – өткен күнтізбелік жылдағы дебиторлық берешектің жалпы көлемі, теңге.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Энергия өндіруші ұйымдар жылыту маусымын өткізу кезеңінде ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға қосымшада берілген нысанға сәйкес жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға арналған субсидиялардың мақсатты қолданылуы туралы есепті (бұдан әрі – есеп) жергілікті атқарушы органға ұсынады.
Жергілікті атқарушы орган жылыту маусымы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей өз интернет-ресурсында энергия өндіруші ұйымдар ұсынған есептердің қорытындылары бойынша ақпаратты орналастырады, сондай-ақ оны табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жібереді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы