О внесении изменений в постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 13 марта 2017 года № 43 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размеров подушевого финансирования и родительской платы на 2017 год по Бородулихинскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 13 марта 2017 года № 43 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размеров подушевого финансирования и родительской платы на 2017 год по Бородулихинскому району»
- Атауы (қаз.)
- «Бородулиха ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 43 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 181
- Қабылданған күні
- 24.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2018 115915_394967.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VH005275
- ЭКБ идентификаторы
- 115915
- Редакция идентификаторы
- 115915_394967
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:33
0 «Бородулиха ауданы бойынша
2017 жылға арналған мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын, жан басына
шаққандағы қаржыландыру және
ата-ананың ақы төлеу мөлшерін
бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 13 наурыздағы № 43
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 – бабы 4 - тармағының 8-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 – бабының 2 - тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Бородулиха ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 43 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4949 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірде «Аудан тынысы» № 17 (688), 2017 жылғы 28 сәуірде «Пульс района» № 17 (7007) аудандық газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бородулиха ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы»;
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.».
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Селихановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «24» қазан № 181
қаулысына қосымша
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,
қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге шаққандағы
мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшері, теңге
Тәрбиеленушілер саны, адам
Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалған шығынның орташа құны, теңге
Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге
Балабақшалар, бөбекхана
Шағын-орталықтар
Республикалық
бюджет
Жергілікті
бюджет
Республикалық
бюджет
Жергілікті
бюджет
Балабақ
шалар, бөбекхана
Шағын-орталықтар
Балабақ
шалар, бөбекхана
Шағын-орталықтар
-
19706
-
19276
619
400
21607
19770
9800