Құжат мәтініне өту

О внесений изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 октября 2017 года № 563 "О некоторых вопросах оранов прокуратуры Республики Казахстан"

Жарлық · № 1401 · қабылданған 21.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 26.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2017-no-563-ekb-229236/on/2026-08-26/
Басып шығарылды 2026-08-26 · adilet.kz
О внесений изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 октября 2017 года № 563 "О некоторых вопросах оранов прокуратуры Республики Казахстан" Қолданыста Жарлық ·№ 1401 ·21.08.2026
21.08.2026 редакциясы
26.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесений изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 октября 2017 года № 563 "О некоторых вопросах оранов прокуратуры Республики Казахстан"

Қолданыста Жарлық ·№ 1401 · 26.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесений изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 октября 2017 года № 563 "О некоторых вопросах оранов прокуратуры Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер ме толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
1401
Қабылданған күні
21.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.08.2026
Көрсетілген редакция
21.08.2026 I229236_0.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2600001401
ЭКБ идентификаторы
229236
Редакция идентификаторы
I229236_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
26.08.2026 03:30

0 «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:
14-тармақта:
1) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«заңдардың қолданылуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау практикасын, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелерде, сондай-ақ Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада қамтылған мәліметтерді пайдаланып талдау;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«халықаралық шарттар жасасу, қылмыстық-құқықтық саладағы, инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі және активтерді қайтару саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын келісу;»;
сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеру, активтерді заңсыз иемденуге, шығаруға қарсы іс-қимыл жасау және оларды қайтару үшін ақпаратқа мониторинг пен талдауды жүргізу;
Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын, сондай-ақ Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен прокуратура актілерін енгізу;»;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келетін актілеріне, егер бұл актілер физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, кәмелетке толмаған адамдарға және адамдардың шектелмеген тобына қатысты болса, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қозғаса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде наразылық білдіру;»;
он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жүктелген функциялар мен өкілеттіктерді орындауға бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін, заңдылықтың сақталуын тексеруге қатысуға және қорытынды беруге өзге де органдар мен ұйымдардың мамандарын, ғалымдарды, сарапшыларды, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды тарту;»;
отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«активтерді қайтару, инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында халықаралық-құқықтық ынтымақтастық жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;»;
алпыс бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;»;
2) тармақшаның он алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындау.»;
15-тармақта:
1) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес:»;
1) тармақшаның тоғызыншы абзацындағы «сақтаудың заңдылылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыру;» деген сөздер «сақтаудың заңдылылығына;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«инвестициялар мен инвестициялық қызмет саласындағы заңдылықты жоғары қадағалауды жүзеге асыру;»;
4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қылмыстық-құқықтық салада, инвестициялар мен инвестициялық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастық жасау;»;
«6) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, қылмыстық-құқықтық саладағы және активтерді қайтару саласындағы, инвестициялар мен инвестициялық қызмет саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын келісу;»;
14) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін, егер бұл актілер мен шешімдер физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, кәмелетке толмаған адамдарға, адамдардың шектелмеген тобына, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты мәселелер бойынша инвесторларға қатысты болса не жария сипатқа ие болса,;»;
19-тармақта:
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) инвестициялық омбудсменнің функцияларын жүзеге асырады;»;
33) тармақшаның он бірінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«инвесторлардың құқықтарын қорғау;»;
37) тармақшада:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«прокуратура органдары нышандарының сипаттамасын;»;
төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«прокуратура органдары нышандарының пайдалану тәртібін;»;
қырық төртінші абзацтағы «қағидаларын бекітеді;» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«инвесторлар мен мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасында Дауларды сотқа дейінгі реттеу комиссиясын құру тәртібін;
инвесторлардың жүйелік проблемаларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекітеді;»;
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы