Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 октября 2017 года № 563 «О некоторых вопросах органов прокуратуры Республики Казахстан»

Жарлық · № 855 · қабылданған 25.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2017-no-563/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 октября 2017 года № 563 «О некоторых вопросах органов прокуратуры Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 855 ·25.04.2025
25.04.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 октября 2017 года № 563 «О некоторых вопросах органов прокуратуры Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 855 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 октября 2017 года № 563 «О некоторых вопросах органов прокуратуры Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
855
Қабылданған күні
25.04.2025
Қолданысқа енгізілген күні
25.04.2025
Көрсетілген редакция
25.04.2025 209561_756828.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2500000855
ЭКБ идентификаторы
209561
Редакция идентификаторы
209561_756828
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:52

0 Қазақстан Республикасының

Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын келісу;»;
19-тармақта:
мынадай мазмұндағы 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-1) прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттауды өткізу тәртібін, кезеңдерін және мерзімдерін айқындайды;
32-2) қатардағы, кiшi, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар орналасуға жататын лауазымдарды және осы лауазымдарға сәйкес келетiн арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендердi айқындайды;»;
37) тармақшада:
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін;»;
он екінші, жиырмасыншы және жиырма екінші абзацтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі мен әдістерін;».

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы