Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Акмолинского областного маслихата от 13 декабря 2017 года № 6С-17-5 «О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду по Акмолинской области»

Өзге акт · № 7С-14-2 · қабылданған 26.01.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2017-no-6-17-5/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Акмолинского областного маслихата от 13 декабря 2017 года № 6С-17-5 «О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду по Акмолинской области» Қолданыста Өзге акт ·№ 7С-14-2 ·26.01.2022
26.01.2022 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Акмолинского областного маслихата от 13 декабря 2017 года № 6С-17-5 «О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду по Акмолинской области»

Қолданыста Өзге акт ·№ 7С-14-2 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Акмолинского областного маслихата от 13 декабря 2017 года № 6С-17-5 «О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду по Акмолинской области»
Атауы (қаз.)
«Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7С-14-2
Қабылданған күні
26.01.2022
Көрсетілген редакция
26.01.2022 164293_559283.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22B0026736
ЭКБ идентификаторы
164293
Редакция идентификаторы
164293_559283
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:38

0 «Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. «Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6255 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабының 8-тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес арттырылсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері

Ақмола облыстық мәслихатының
2022 жылғы 26 қаңтардағы
№ 7С-14-2 шешіміне
қосымша
Ақмола облыстық мәслихатының
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 6С-17-5 шешіміне
қосымша
Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері

1 1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №
Ластаушы заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1
2
3
4
1.
Күкірт оксидтері (SOx)
20
2.
Азот оксидтері (NOx)
20
3.
Шаң және күл
10
4.
Қорғасын және оның қосылыстары
3 986
5.
Күкіртсутек
124
6.
Фенолдар
332
7.
Көмірсутектер
0,32
8.
Формальдегид
332
9.
Көміртегі монооксиді
0,32
10.
Метан
0,02
11.
Күйе
24
12.
Темір тотықтары
30
13.
Аммиак
24
14.
Алты валентті хром
798
15.
Мыс тотықтары
598
16.
Бенз(а)пирен
996,6

2 2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №
Отын түрлері
Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)
1
2
3
1.
Этилденбеген бензин үшін
0,66
2.
Дизель отыны үшін
0,9
3.
Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін
0,48

3 3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №
Ластаушы заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1
2
3
1.
Нитриттар
1 340
2.
Мырыш
2 680
3.
Мыс
26 804
4.
Оттегіне биологиялық қажеттілік
8
5.
Тұзды аммоний
68
6.
Мұнай өнімдері
536
7.
Нитраттар
2
8.
Жалпы темір
268
9.
Сульфаттар (анион)
0,8
10.
Өлшенген заттар
2
11.
Синтетикалық беткі-белсенді заттар
54
12.
Хлоридтер (анион)
0,2
13.
Алюминий
54

4 4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №
Қалдықтардың түрлері
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 тонна үшін
1 гигабеккерель үшін (Гбк)
1
2
3
4
1.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:
1.1.
Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар
1.1.1.
қауіпті қалдықтар
8,01
1.1.2.
қауіпсіз қалдықтар
1,06
1.2.
Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері:
1.2.1.
Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы)
0,38
1.2.2.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа)
1.2.2.1.
аршынды жыныстар
0,004
1.2.2.2.
жанасқан таужыныстары
0,026
1.2.2.3.
байыту қалдықтары
0,02
1.2.2.4.
шлактар, шламдар
0,038
1.2.3.
Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар
0,038
1.2.4.
Күл мен күлшлактар
0,66
1.2.5.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы
0,002
1.2.6.
Радиоактивті қалдықтар:
1.2.6.1.
трансуранды
0,76
1.2.6.2.
альфа-радиоактивті
0,38
1.2.6.3.
бета-радиоактивті
0,04
1.2.6.4.
шынақты радиоактивті көздер
0,38

Қолданыстағы