Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказы Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 13 декабря 2018 года № 101/қе «Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) военными, специальными учебными заведениями органов национальной безопасности Республики Казахстан и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)» и от 13 декабря 2018 года № 102/қе «Об утверждении цен на товары (работы, услуги) военных, специальных учебны

Бұйрық · № 41/қе · қабылданған 27.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2018-no-101-13-2018-no-102-ekb-155473/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказы Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 13 декабря 2018 года № 101/қе «Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) военными, специальными учебными заведениями органов национальной безопасности Республики Казахстан и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)» и от 13 декабря 2018 года № 102/қе «Об утверждении цен на товары (работы, услуги) военных, специальных учебны Қолданыста Бұйрық ·№ 41/қе ·27.04.2021
27.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказы Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 13 декабря 2018 года № 101/қе «Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) военными, специальными учебными заведениями органов национальной безопасности Республики Казахстан и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)» и от 13 декабря 2018 года № 102/қе «Об утверждении цен на товары (работы, услуги) военных, специальных учебны

Қолданыста Бұйрық ·№ 41/қе · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказы Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 13 декабря 2018 года № 101/қе «Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) военными, специальными учебными заведениями органов национальной безопасности Республики Казахстан и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)» и от 13 декабря 2018 года № 102/қе «Об утверждении цен на товары (работы, услуги) военных, специальных учебны
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе және «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы н
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
41/қе
Қабылданған күні
27.04.2021
Көрсетілген редакция
27.04.2021 155473_524005.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022664
ЭКБ идентификаторы
155473
Редакция идентификаторы
155473_524005
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:22

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе және «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы» 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 102/қе бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17938 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2018 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4. ҰҚО оқу орындары интернет-ресурстарында және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мынадай ақпаратты орналастырады:
1) ҰҚО оқу орындарының ақылы негізде өткізетін тауарларының (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;
2) ұсынылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мыналардан:
1) ғылыми зерттеулер жүргізуден түсетін қаражат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларының 25, 53-тармақтарына сәйкес жұмсалады;
2) қосымша білім беру бағдарламаларын өткізуден, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеуден және (немесе) өткізуден түсетін қаражаттар мынадай бағыттар бойынша:
шығыс материалдарын, жиһаздар, мүкәммалдар сатып алуға;
қызмет көрсетуді қоса алғанда, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;
әдебиеттер, оқу басылымдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;
оқу-материалдық базаны нығайтуға;
қосымша білім беру бағдарламаларын өткізуге, кәсіби білім беруді ұйымдастыруға, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеуге және өткізуге тартылатын штаттан тыс мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;
оқу, ғылыми және әдістемелік материалдарды шығаруға;
ҰҚО оқу орындарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға және тағылымдамадан өтуге;
тамақтану мен мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыруды қоса алғанда, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, оқыту тренингтері, олимпиадалар, мерейтойлық іс-шаралар жүргізуге, ақпараттық материалдар сатып алуға;
электрондық ақпараттық ресурстарды немесе оларды пайдалану құқығын сатып алуға;
қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға;
үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алуға;
кәдесый өнімдерін сатып алуға;
оқу және ғылыми мақсаттарға арналған бейнероликтер, бейнефильмдер, аудиожазбалар дайындауға;
білім беру қызметін қамтамасыз ететін ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеуге;
көлік құралдарын, сондай-ақ оларға қызмет көрсету жөніндегі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығындарын өтеу нормалары шегінде қосымша білім беру бағдарламаларын өткізуге, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеуге және өткізуге байланысты іссапарларға;
байланыс қызметіне, жарнама және көлік қызметтеріне ақы төлеуге;
қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және өткізу шеңберінде банктік қызметтерге ақы төлеуге;
қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу шеңберінде кофе-брейктерді ұйымдастыру және өткізу қызметтеріне ақы төлеуге;
қосымша білім беру бағдарламалары шеңберінде ақылы білім беру қызметтерін көрсету үшін тартылатын мамандардың (оның ішінде ҰҚО оқу орындарының кадр құрамы қатарынан) қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалады.».

2

2. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 102/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17937 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2018 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4

4 4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрлық құрамы таныстырылсын.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
___________________________
20___ жылғы «____» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министірлігі
___________________________
20___ жылғы «____» _________

1 Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалар

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2021 жылғы
27 сәуірдегі № 41/қе
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2018 жылғы
13 желтоқсандағы № 102 қ/е
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалар
Тар­мақ

Та­у­ар­лар­дың (жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің) ата­уы
Өл­шем
бір­лі­гі
Ба­ға­сы
(тең­ге­мен)

1 1-та­рау. Ғы­лы­ми зерт­те­улер жүр­гі­зу

1.
Грант­тық қар­жы­лан­ды­ру шең­бе­рін­де­гі ғы­лы­ми-зерт­теу және (неме­се) тә­жі­ри­бе­лік-кон­струк­тор­лық жұ­мыстар
жұ­мыс
ҰҒК* ше­ші­міне сәй­кес
2.
Бағ­дар­ла­ма­лық-ны­са­на­лы қар­жы­лан­ды­ру шең­бе­рін­де­гі ғы­лы­ми-зерт­теу және (неме­се) тә­жі­ри­бе­лік-кон­струк­тор­лық жұ­мыстар
жұ­мыс
ҰҒК және ЖҒ­ТК** ше­ші­міне сәй­кес

2 2-та­рау. Қо­сым­ша бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын өт­кі­зу

3.
«Тал­да­ма­лық ой­лау дағ­ды­ла­ры» кур­ста­рын­да оқы­ту, 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
4 000***
4.
По­ли­гра­фо­лог-ма­ман­дар­ды ба­стап­қы да­яр­лау кур­ста­рын­да оқы­ту, 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
4 000***
5.
«Про­фай­линг. Жал­ған­дық­ты бай­ла­ныс­сыз анық­тау» кур­ста­рын­да оқы­ту, 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
4 000***
6.
Шет ті­лін үй­ре­ту кур­ста­рын­да оқы­ту (араб, қы­тай, пар­сы, тә­жік, ур­ду және хин­ди қо­с­па­ған­да), 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
2 500***
7.
Шет ті­лін үй­ре­ту кур­ста­рын­да оқы­ту (араб, қы­тай, пар­сы, тә­жік, ур­ду және хин­ди), 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
4 000***
8.
«Объ­ек­ті­лер­дің ке­шен­ді қа­уіп­сіз­ді­гі» кур­ста­рын­да оқы­ту, 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
4 000***
9.
«RedHat Linux» опе­ра­ци­я­лық жүй­е­ні сүй­е­мел­деу бой­ын­ша кур­ста­рын­да оқы­ту, 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
5 000***
10.
«Ки­бе­рин­ци­дент­тер­ді тал­дау» кур­ста­рын­да оқы­ту, 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
10 000***
11.
«Ақ­па­рат­ты крип­то­гра­фи­я­лық қор­ғау» кур­ста­рын­да оқы­ту, 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
5 000***
12.
Фут­бол спорт­тық сек­ци­я­сын­да оқы­ту, 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
1 200****
13.
Во­лей­бол спорт­тық сек­ци­я­сын­да оқы­ту, 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
1 200****
14.
Бас­кет­бол спорт­тық сек­ци­я­сын­да оқы­ту, 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
1 200****
15.
Же­ңіл ат­ле­ти­ка спорт­тық сек­ци­я­сын­да оқы­ту, 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
1 200****
16.
Тен­нис спорт­тық сек­ци­я­сын­да оқы­ту, 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
1 200****
17.
Фит­нес спорт­тық сек­ци­я­сын­да оқы­ту, 1 адам­ға
ака­де­ми­я­лық са­ғат
1 200****

3 3-та­рау. Оқу-әді­сте­ме­лік әде­би­ет­тер­ді, бас­па және (неме­се)

по­ли­гра­фи­я­лық өнім­дер­ді әзір­леу және (неме­се) өт­кі­зу
18.
Мәт­ін­ді ре­дак­ци­я­лау
бет
400
19.
Ауда­ру (орыс­ша, қа­зақ­ша)
бет
1000
20.
Кор­рек­ту­ра
бет
80
21.
Мәт­ін­ді те­ру А4 фор­мат­та
бет
150
22.
Бет­теу
бет
100
23.
Тү­зе­ту
бет
40
24.
Са­лы­сты­ру
бет
30
25.
Ди­зайн
1 са­ғат
3000
26.
Ска­нер­леу А4
бет
70
27.
Ба­сып шы­ға­ру А4 фор­мат­та (қа­ра-ақ, 5% бо­яқ құю, 80 грамм)
бет
8
28.
Ба­сып шы­ға­ру А4 фор­мат­та (түр­лі-тү­сті, 5% бо­яқ құю, 80 грамм)
бет
13
29.
Ба­сып шы­ға­ру А3 фор­мат­та (қа­ра-ақ, 5% бо­яқ құю, 80 грамм)
бет
10
30.
Ба­сып шы­ға­ру А3 фор­мат­та (түр­лі-тү­сті, 5% бо­яқ құю, 80 грамм)
бет
18
31.
Ба­сып шы­ға­ру А4 фор­мат­та (қа­ра-ақ, 5% бо­яқ құю, 160 грамм)
бет
15
32.
Ба­сып шы­ға­ру А4 фор­мат­та (түр­лі-тү­сті, 5% бо­яқ құю, 160 грамм)
бет
22
33.
Ба­сып шы­ға­ру А3 фор­мат­та (қа­ра-ақ, 5% бо­яқ құю, 160 грамм)
бет
26
34.
Ба­сып шы­ға­ру А3 фор­мат­та (түр­лі-тү­сті, 5% бо­яқ құю, 160 грамм)
бет
35
35.
Ба­сып шы­ға­ру А4 фор­мат­та (қа­ра-ақ, 5% бо­яқ құю, 300 грамм)
бет
26
36.
Ба­сып шы­ға­ру А4 фор­мат­та (түр­лі-тү­сті, 5% бо­яқ құю, 300 грамм)
бет
35
37.
Ба­сып шы­ға­ру А3 фор­мат­та (қа­ра-ақ, 5% бо­яқ құю, 300 грамм)
бет
47
38.
Ба­сып шы­ға­ру А3 фор­мат­та (түр­лі-тү­сті, 5% бо­яқ құю, 300 грамм)
бет
56
39.
Мәт­ін­ді ти­раж­дау (қа­ра/ақ)
па­рақ
15
40.
Түп­теу (тер­мо­бин­дер, се­ріп­пе)
да­на
160
41.
Ла­ми­нат­тау А4, А3 (ыстық па­кет­ті)
па­рақ
70
42.
Қа­ға­з­ды ке­су (элек­тр­лі)
па­рақ
10
43.
Фаль­цов­ка
биг
10
Ескертпе:
1. *ҰҒК – Ұлттық ғылыми кеңес.
2. **ЖҒТК – Жоғары ғылыми-техникалық комиссия.
3. ***Жұмыскерлерді тиісті курстарға оқуға жіберген коммерциялық ұйымдар үшін мынадай мөлшерлерде жеңілдік беріледі:
10-нан 20 адамға дейін – 10 пайыз;
20-дан және одан да көп адам – 20 пайыз.
Коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі ұйымдар, жіберетін қызметкерлер үшін 20 пайыз мөлшерінде жеңілдік беріледі.
4. ****Спорт секцияларының оқулары үшін ақы төленген жағдайда мынадай мөлшерлерде жеңілдік беріледі:
8 академиялық сағаттан кем емес - 10 пайыз;
24 академиялық сағаттан кем емес - 20 пайыз;
48 академиялық сағаттан кем емес - 30 пайыз.

Қолданыстағы