О внесении изменений в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 13 апреля 2018 года № 17/160-VІ «Об установлении единых ставок фиксированного налога по Катон-Карагайскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 13 апреля 2018 года № 17/160-VІ «Об установлении единых ставок фиксированного налога по Катон-Карагайскому району»
- Атауы (қаз.)
- «Катонқарағай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/160-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18/171-VI
- Қабылданған күні
- 20.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 08.07.2020 123362_475543.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VM000143
- ЭКБ идентификаторы
- 123362
- Редакция идентификаторы
- 123362_475543
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:00
0 «Катонқарағай ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерін белгілеу туралы»
Катонқарағай аудандық мәслихатының
2018 жылғы 13 сәуірдегі
№ 17/160-VІ шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Катонқарағай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгілеу туралы» Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/160-VІ (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 5-13-135 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 14 мамырында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы»;
осы шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық Кодексі) 546-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».