Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2018 года № 175 «Об утверждении Правил заполнения должностным лицом органа государственных доходов таможенных деклараций»

Бұйрық · № 767 · қабылданған 19.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2018-no-175/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2018 года № 175 «Об утверждении Правил заполнения должностным лицом органа государственных доходов таможенных деклараций» Қолданыста Бұйрық ·№ 767 ·19.08.2020
19.08.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2018 года № 175 «Об утверждении Правил заполнения должностным лицом органа государственных доходов таможенных деклараций»

Қолданыста Бұйрық ·№ 767 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2018 года № 175 «Об утверждении Правил заполнения должностным лицом органа государственных доходов таможенных деклараций»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
767
Қабылданған күні
19.08.2020
Көрсетілген редакция
19.08.2020 145679_477752.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021117
ЭКБ идентификаторы
145679
Редакция идентификаторы
145679_477752
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:10

0 «Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16445 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларында:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Уәкілетті лауазымды адам «Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешімімен бекітілген, Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру және жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне сәйкес декларанттың атына қағаз тасымалдағышында жолаушылар кедендік декларациясын толтырады. Бұл ретте, жолаушылар кедендік декларациясының "Қызметтік белгілер үшін" деген бағанда "Толтыруға арналған өтініш" деген жазба жасайды және декларант өтінішінің тіркеу нөмірін және күнін көрсетеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы