О внесении изменений в решение Железинского районного маслихата от 13 августа 2018 года № 245/6 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Железинского района»
Қолданыста
Ереже
·№ 77/8
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Железинского районного маслихата от 13 августа 2018 года № 245/6 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Железинского района»
- Атауы (қаз.)
- Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 тамыздағы № 245/6 «Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 77/8
- Қабылданған күні
- 12.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2023 189977_671815.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23PF744314
- ЭКБ идентификаторы
- 189977
- Редакция идентификаторы
- 189977_671815
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:57
0 Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 тамыздағы
№ 245/6 «Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 тамыздағы № 245/6 «Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6051 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қосымшада 3-тараудың 6-тармағының 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Құрмет грамотасына аудандық мәслихаттың төрағасы және аудан әкімі қол қояды»;
қосымшадағы 3-тараудың 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлға тапсырады»;
Ереженің 4-тармағының 2-абзацындағы «және елтаңбалы мөрмен бекітіледі» деген сөздер алып тасталсын.