Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июня 2018 года № 263 «Об утверждении Правил проведения аудита информационных систем»

Бұйрық · № 102/НҚ · қабылданған 26.02.2026
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2018-no-263/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июня 2018 года № 263 «Об утверждении Правил проведения аудита информационных систем» Күшін жойған 23.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июня 2018 года № 263 «Об утверждении Правил проведения аудита информационных систем»

Күшін жойған Бұйрық № 102/НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июня 2018 года № 263 «Об утверждении Правил проведения аудита информационных систем»
Атауы (қаз.)
«Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
102/НҚ
Қабылданған күні
26.02.2026
Қолданысқа енгізілген күні
15.03.2026
Көрсетілген редакция
23.07.2026 222649_836680.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600038058
ЭКБ идентификаторы
222649
Редакция идентификаторы
222649_836680
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
27.08.2026 02:16
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 23.07.2026 № 432/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17141 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабының 22) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу тәртібін айқындайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің аудитін жүргізген кезде аудиторды таңдау «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Жасанды интеллект жүйелеріне аудит жүргізу кезінде:
1) жасанды интеллект модельдерін оқып-үйрену үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасы және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығы;
2) «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің болуы қосымша бағалануы тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Дерекнамаларды пайдаланудың сапасы мен заңдылығын бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысымен бекітілген деректерді басқару талаптарына сәйкес дерекнаманың міндетті метадеректерінің болуын және дұрыстығын тексеру арқылы жүзеге асырылады.»;
17-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) жасанды интеллект модельдерін оқып-үйрену үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасы және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын бағалауды;
2-2) «Жасанды интеллект туралы» Заңның 17-бабының 3-тармағына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің болуын бағалауды.».

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.