О внесении изменений в решение Алматинского областного маслихата от 13 ноября 2018 года № 37-204 «Об определении перечня социально значимых сообщений в Алматинской области на 2019-2021 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Алматинского областного маслихата от 13 ноября 2018 года № 37-204 «Об определении перечня социально значимых сообщений в Алматинской области на 2019-2021 годы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 37-204 «2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7-46
- Қабылданған күні
- 28.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2021 157663_533746.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21D0023883
- ЭКБ идентификаторы
- 157663
- Редакция идентификаторы
- 157663_533746
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:22
0 Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 37-204 «2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Алматы облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Алматы облыстық мәслихатының «2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 13 қарашадағы № 37-204 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4959 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Алматы облыстық мәслихатының
2021 жылғы 28 шілдедегі № 7-46
шешіміне қосымша
Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 37-204 шешіміне қосымша
Алматы облысында әлеуметтiк
маңызы бар қатынастардың тізбесі
1 1. Қапшағай қаласы:
1 1) Арна ауылы – Автовокзал;
2 2) «Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қапшағай қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Қапшағай қаласының ауруханасы) – «Қапшағай Ресурс» ЖШС;
3 3) Қапшағай қаласының ауруханасы – 20 ықшам ауданы;
4 4) Қапшағай қаласының ауруханасы – «Строитель» бағбандық қоғамының» тұтынушылар кооперативі;
5 5) Қапшағай қаласының ауруханасы – Сүзгіш станциясы;
6 6) 2 желі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «64192 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қарлығаш» ықшам ауданы, 3 сектор.
2 2. Еңбекшіқазақ ауданы:
1 1) Шелек ауылы – Есік қаласы;
2 2) Шелек ауылы ауылішілік маршрут;
3 3) Еcік қаласы – Бөлек ауылы.
3 3. Талғар ауданы:
1 1) №1 Талғар-2 қалалық пошта байланысы бөлімшесі – Байбұлақ ауылы;
2 2) №2 «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талғар аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны – Талхиз қалашығы;
3 3) №3 «Талгар-Спирт» ЖШС – Қызыл-Қайрат ауылы;
4 4) №4 кірпіш зауыты – Талғар-2 қалалық пошта байланысы бөлімшесі;
5 5) №5 Талғар-2 қалалық пошта байланысы бөлімшесі – Талдыбұлақ ауылы;
6 6) №6 «Талгар-Спирт» ЖШС – Талғар форель шаруашылығы;
7 7) №7 «Арман» ықшам ауданы – «Бүркіт» бағбандық қоғамы;
8 8) №8 Ақдала ауылы – Ақтас ауылы;
9 9) №9 Шымбұлақ ауылы – Нұрпейісов көшесі Айвазовский көшесінің бұрышы;
10 10) №215 Талғар қаласы – Орман ауылы;
11 11) №218 Талғар қаласы – Туғанбай ауылы – Нұра ауылы.
4 4. Текелі қаласы:
1 1) №6 шеңбер – «Текелийский энергокомплекс» ЖШС – Қонаев көшесі – «Алматы облысының денешынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2 2) №3 шеңбер – «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі ықшам орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны – орталық базар.
5 5. Балқаш ауданы:
1 1) №1 Бақанас ауылы – Құйған ауылы;
2 2) №2 Бақанас ауылы – Қарой ауылы.
6 6. Ескелді ауданы:
1 1) №1 Қарабұлақ ауылының ауылдық маршруты.
7 7. Қарасай ауданы:
1 1) №1 Қаскелең қаласының қалалық маршруты;
2 2) №2А Қаскелең қаласының қалалық маршруты;
3 3) №3 Әйтей ауылы – Қаскелең қаласы;
4 4) №5 Жандосов ауылы – Қаскелең қаласы;
5 5) Тұрар ауылы – Алтын Орда базары;
6 6) Батан ауылы – Алтын Орда базары;
7 7) Исаев ауылы – Қаскелең қаласы.
8 8. Қаратал ауданы:
1 1) №1 Бастөбе ауылы, Юн көшесі – Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі;
2 2) №2 Үштөбе қаласы, Мартынов көшесі – Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі.
9 9. Талдықорған қаласы:
1 1) №3 «Самал» ықшам ауданы – «Қызыл тас» саяжайлары;
2 2) №5 «Самал» ықшам ауданы – «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Талдықорған қаласының ауруханасы) – Семашко көшесі;
3 3) №12 7 ықшам ауданы – Талдықорған қаласының ауруханасы – Семашко көшесі;
4 4) №226 арбат – Мойнақ ауылы;
5 5) №23 «Самал» ықшам ауданы – «Уйтас» саяжайлары;
6 6) №25 «Самал» ықшам ауданы – Еркін ауылы;
7 7) №14 «Шаған» базары – «Қаратал» саяжайлары;
8 8) №31 «Қалалық әмбебап дүкені» сауда үйі – Әлімжанов көшесі;
9 9) №228 арбат – Еңбек ауылы;
10 10) №8 «Самал» ықшам ауданы – «Восточный» ықшам ауданы, Чанышев көшесі;
11 11) №33 «Самал» ықшам ауданы – 6, 7 ықшам аудандары – «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық перинаталдық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
12 12) №1, 1а «Самал» ықшам ауданы – «Қызыл тас» саяжайлары;
13 13) №10 «Самал» ықшам ауданы – «Көктал» ықшам ауданы;
14 14) №2 «Қарағаш» базары – «Ащыбұлақ» саяжайлары;
15 15) №4, 4а Өтенай ауылы – № 19 лицей;
16 16) №7, 7а автовокзал – 1 бөлімше;
17 17) №13 «Шығыс» ықшам ауданы – 3 бөлімше;
18 18) №18 «Қызыл тас» саяжайлары – Орман шаруашылығы;
19 19) №20 «Самал» ықшам ауданы – «Сарыбұлақ» саяжайлары (маусымдық);
20 20) №227 арбат – 3 бөлімше;
21 21) №24 «Самал» ықшам ауданы – «Оптмаркет» сауда орталығы;
22 22) №16 «Рахат» гастрономы – «Уйтас», «Көктем» саяжайлары.
10 10. Алакөл ауданы:
1 1) Қабанбай ауылы – Үшбұлақ ауылы;
2 2) Қабанбай ауылы – Лепсі ауылы;
3 3) Қабанбай ауылы – Жыланды ауылы – Шынжылы ауылы;
4 4) Үшарал қаласы – Ақши ауылы – Көктұма ауылы.
Ескертпе:
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі