О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 октября 2018 года № 569 «Об утверждении Классификатора направлений подготовки кадров с высшим и послевузовским образованием»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 октября 2018 года № 569 «Об утверждении Классификатора направлений подготовки кадров с высшим и послевузовским образованием»
- Атауы (қаз.)
- «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 25.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2019 128825_388026.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018244
- ЭКБ идентификаторы
- 128825
- Редакция идентификаторы
- 128825_388026
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:16
0 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті:
1) лицензиаттың өтініші негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтары бойынша бұрын берілген бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияларға қосымшаларды осы бұйрыққа сәйкес қайта ресімдеуді қамтамасыз етсін;
2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтары бойынша бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияларға қосымшаларды қайта ресімдеу кезінде осы бұйрықты және білім беру саласындағы уәкілетті органның әдістемелік нұсқаулықтарын басшылыққа алсын.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышында:
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім – магистратурада даярлау бағыттары» және «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім – докторантурада даярлау бағыттары» бөлімдерінде орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;