О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 октября 2018 года № 569 «Об утверждении Классификатора направлений подготовки кадров с высшим и послевузовским образованием»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 октября 2018 года № 569 «Об утверждении Классификатора направлений подготовки кадров с высшим и послевузовским образованием»
- Атауы (қаз.)
- «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 218
- Қабылданған күні
- 16.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2023 181777_633857.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032545
- ЭКБ идентификаторы
- 181777
- Редакция идентификаторы
- 181777_633857
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:00
0 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышында:
«Жоғары білім беру – бакалавриатта даярлау бағыты» деген бөлімде:
«6B01 Педагогикалық ғылымдар» деген кіші бөлімде:
«
6В018 Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
0114
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
6В018 Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау
0114
»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
6В020 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)
0114
»;
«6B11 Қызмет көрсету» деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
6В115 Спорт
1014
»;
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - магистратурада даярлау бағыттары» деген бөлімде:
«7M01 Педагогикалық ғылымдар» деген кіші бөлімде:
«
7M018 Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
0114
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7M018 Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау
0114
»
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
7М0120 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)
0114
»;
«7М11 Қызмет көрсету» деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
7М115 Спорт
1014
»;
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - докторантурада даярлау бағыттары» деген бөлімде:
«8D01 Педагогикалық ғылымдар» деген кіші бөлімде:
«
8D018 Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
0114
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8D018 Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау
0114
»
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
8D0120 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)
0114
»;
«8D11 Қызмет көрсету» деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
8D115 Спорт
1014
».
2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі