Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 13 декабря 2018 года № 6ВС-34-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаксынском районе»

Ереже · № 6ВС-39-3 · қабылданған 27.03.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2018-no-6-34-4-ekb-130333/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 13 декабря 2018 года № 6ВС-34-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаксынском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 6ВС-39-3 ·27.03.2019
21.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 13 декабря 2018 года № 6ВС-34-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаксынском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 6ВС-39-3 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 13 декабря 2018 года № 6ВС-34-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаксынском районе»
Атауы (қаз.)
«Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6ВС-39-3
Қабылданған күні
27.03.2019
Көрсетілген редакция
21.12.2023 130333_677930.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19BM007123
ЭКБ идентификаторы
130333
Редакция идентификаторы
130333_677930
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:42

0 «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6958 тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

8 «8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

1) 15 ақпан - Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні;

2) 9 мамыр - Жеңіс күні;

3) 1 қазан - Қарт адамдар күні;

4) қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.»;

9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

9 «9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:

Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға;
ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;
1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
мүгедек балаларға;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
қатерлі ісік ауруымен ауыратындарға;
туберкулезбен ауыратындарға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға;
пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға;
колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысанында оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, мүгедек студенттерге;
жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

3) жергілікті өкілді орган ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.»;
10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

10 «10. Әлеуметтік көмек:

1) Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне:

Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы тұлғаларға;

2) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға;

3) Қарт адамдар күніне:

ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;

4) Мүгедектер күніне:

1, 2, 3 топтағы мүгедектерге зейнеткерлік жасқа дейін және мүгедек балаларға көрсетіледі.».

2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Жақсы ауданының әкімдігі

Қолданыстағы