О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 13 марта 2018 года № 60 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 13 марта 2018 года № 60 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 99
- Қабылданған күні
- 16.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2022 167833_574479.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028099
- ЭКБ идентификаторы
- 167833
- Редакция идентификаторы
- 167833_574479
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:55
0
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.»;
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Персоналды басқару қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидалары
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
2022 жылғы 16 мамырдағы
№ 99 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
cыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 13 наурыздағы
№ 60 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 35-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді ұйымдастыру және қолдану тәртібін айқындайды.
2 2. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді ұйымдастыру және қолдану мемлекеттік қызметшілердің тиімділігі, нәтижелілігі, объективтілігі, ашықтығы және кәсібилігі қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
3
3. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.
4 4. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:
1 1) біржолғы ақшалай сыйақы;
2 2) алғыс жариялау;
3 3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4 4) грамотамен марапаттау;
5 5) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
5 5. Бір және сол ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылуы мүмкін.
2 2-тарау. Көтермелеулерді ұйымдастыру тәртібі
6
6. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімі бойынша құрылымдық бөлімше басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның ұсынуы және Агенттік пен оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымы негізінде жүзеге асырылады.
7 7. Агенттік басшылығының бастамасы бойынша Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолданудың ерекше маңызды тапсырмаларын орындағаны үшін Агенттік Төрағасы орынбасарларының ұсынысы негізінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл ретте, Комиссия Агенттік Төрағасы орынбасарының ұсынымын осы Қағидаларда белгіленген шектеулердің және көтермелеуге кедергі келтіретін өзге де негіздердің болуы тұрғысынан қарайды.
8 8. Ұсыныста қызметкерлердің нақты еңбегі мен жетістіктері көрсетіледі.
9 9. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің және оның аумақтық органдарының басшылары көтермелеу материалдарының Персоналды басқару қызметіне (бұдан әрі – Қызмет), Комиссияға тиісінше ұсынылуын қамтамасыз етеді.
10 10. Қызметтің сұрау салуы бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшесінің басшысы кейіннен Агенттіктің Комиссиясына жіберу үшін көтермелеу туралы ұсыныс енгізеді.
Грамотамен, алғыспен көтермелеу мереке және мерейтой күндеріне орайластырылған жағдайларда ұсыну тиісті күнге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жіберіледі.
11 11. Қызмет Агенттік Комиссиясының қарауына материалдарды ұйымдастыруды және дайындауды жүзеге асыратын Агенттік комиссиясының жұмыс органы болып табылады.
Агенттіктің аумақтық органдарында жұмыс органының функциясын мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адаммен айқындалған адам орындайды.
12 12. Агенттіктің Комиссиясы мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның бұйрығы негізінде құрылады.
13 13. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс.
Агенттіктің аумақтық органдарының Комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
14 14. Комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.
15 15. Агенттік Комиссиясының Төрағасын Комиссия құрамынан, мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам тағайындайды.
16 16. Агенттік Комиссиясының Төрағасы мен мүшелері Агенттіктің мемлекеттік қызметшілеріне арналған ұсыныстарды келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және:
1 1) мемлекеттік қызметшіні көтермелеу туралы;
2 2) себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметшіні көтермелеуден бас тарту туралы ұсынымдардың бірін береді.
17 17. Комиссия мүшелерінің ұсынымдарында алшақтық болған жағдайда ашық дауыс беру жүргізіледі және Комиссияның дауыс берген мүшелерінің көпшілігінің, оның ішінде төрағаның негізінде көтермелеу туралы не көтермелеуден бас тарту туралы ұсыным шығарылады.
Шешіммен келіспеген жағдайда комиссия мүшесі отырыс хаттамасына қоса берілетін ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы.