Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2018 года № 746 «Об утверждении Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы «Еңбек»

Қаулы · № 290 · қабылданған 04.05.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2018-no-746-2017-2021-ekb-155920/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2018 года № 746 «Об утверждении Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы «Еңбек» Қолданыста Қаулы ·№ 290 ·04.05.2021
04.05.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2018 года № 746 «Об утверждении Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы «Еңбек»

Қолданыста Қаулы ·№ 290 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2018 года № 746 «Об утверждении Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы «Еңбек»
Атауы (қаз.)
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
290
Қабылданған күні
04.05.2021
Көрсетілген редакция
04.05.2021 155920_523652.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000290
ЭКБ идентификаторы
155920
Редакция идентификаторы
155920_523652
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:15

0 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
13 қарашадағы № 746 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

«2. Кіріспе» деген бөлімде:
2.1-кіші бөлімінің 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) кредитор – жергілікті атқарушы орган (сенім білдірілген адам (агент) арқылы), микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/кредиттік серіктестіктер/«АШҚҚҚ» АҚ;»;
«5. «Еңбек» бағдарламасының негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар» деген бөлімде:
«5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген кіші бөлімде:
«5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» деген тармақ мынадай мазмұндағы жиырма бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жобасы шеңберінде жергілікті атқарушы орган бұдан бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен сенім білдірілген адам (агент) арқылы кредиттік келісімнің қолданысы мерзімінен аспайтын мерзімге жобаны іске асыру шарттарымен соңғы қарыз алушыларды қайта кредиттеуді/микрокредиттеуді жүзеге асырады.»;
«5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» деген кіші бөлімде:
«5.3.1. Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу» деген тармақ:
мынадай мазмұндағы сексен үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау ЖАО-ның шешімі бойынша жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы тоқсан алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау ЖАО шешімі бойынша жүзеге асырылады.»;
«5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» деген тармақта:
он алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ отбасылық жағдайына қарамастан жалғызбасты адамдарға бір рет отағасына және отбасының әрбір мүшесіне жетпіс АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы