О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Петропавловского сельского округа Бородулихинского района Восточно – Казахстанской области от 13 декабря 2019 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Петропавловка Петропавловского сельского округа Бородулихинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Петропавловского сельского округа Бородулихинского района Восточно – Казахстанской области от 13 декабря 2019 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Петропавловка Петропавловского сельского округа Бородулихинского района
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс – шараларын алу және «Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің Петропавловка ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 05.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 05.10.2020 147098_484836.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VHO07615
- ЭКБ идентификаторы
- 147098
- Редакция идентификаторы
- 147098_484836
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:28
0 Шектеу іс – шараларын алу және «Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің Петропавловка ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 – бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 – бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық испекторының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 687 ұсынысы негізінде, Петропавловка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің Петропавловка ауылында ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруын сауықтыру бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс – шаралары алынсын.
2
2. «Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің Петропавловка ауылында шектеу шараларын белгілеу туралы» Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6408 тіркелген, 2019 жылғы 27 желтоқсанда «Аудан тынысы», «Пульс района» аудандық газеттерінде және 2019 жылғы 24 желтоқсанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн
ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;