Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Комитета по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 170 «Об утверждении положений бассейновых инспекций по регулированию использования и охране водных ресурсов Комитета по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 36-Н · қабылданған 11.02.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2019-no-170/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Комитета по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 170 «Об утверждении положений бассейновых инспекций по регулированию использования и охране водных ресурсов Комитета по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 36-Н ·11.02.2021
26.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Комитета по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 170 «Об утверждении положений бассейновых инспекций по регулированию использования и охране водных ресурсов Комитета по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 36-Н · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Комитета по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 170 «Об утверждении положений бассейновых инспекций по регулированию использования и охране водных ресурсов Комитета по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 170 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36-Н
Қабылданған күні
11.02.2021
Көрсетілген редакция
26.10.2023 152856_663169.kaz
Соңғы өзгеріс
26.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21NPV00036
ЭКБ идентификаторы
152856
Редакция идентификаторы
152856_663169
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:34

0 «Қазақстан Республикасы Экология, геология

және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының
ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің
Су ресурстары комитеті төрағасының 2019 жылғы
13 тамыздағы №170 бұйрығына толықтырулар мен
өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2019 жылғы 13 тамыздағы №170 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларда:
14-тармақ мынадай мазмұнды 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;»;
14-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;»;
14-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, оның қолданысын тоқтата тұруды, ұзартуды және қайта ресімдеуді, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтатуды жүзеге асырады;»;
14-тармақтың 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«33) су объектілерін өз бетінше пайдалануға жол бермеуге бақылауды жүзеге асырады;»;
14-тармақтың 39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«39) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;»;
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Инспекция басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрмен келісуі бойынша аппарат басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Инспекция басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.».

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықтың көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы