Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата Макатского района от 13 сентября 2019 года № 303-VI «Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Макатского района»

Ереже · № 11-VII · қабылданған 29.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2019-no-303-vi-ekb-154356/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата Макатского района от 13 сентября 2019 года № 303-VI «Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Макатского района» Қолданыста Ереже ·№ 11-VII ·29.03.2021
29.03.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата Макатского района от 13 сентября 2019 года № 303-VI «Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Макатского района»

Қолданыста Ереже ·№ 11-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата Макатского района от 13 сентября 2019 года № 303-VI «Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Макатского района»
Атауы (қаз.)
Мақат ауданының мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 303-VI «Мақат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-VII
Қабылданған күні
29.03.2021
Көрсетілген редакция
29.03.2021 154356_516420.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21TG004906
ЭКБ идентификаторы
154356
Редакция идентификаторы
154356_516420
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:02

0

Мақат ауданының мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 303-VI «Мақат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мақат аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 303-VI « Мақат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4494 болып тіркелген, 2019 жылы 4 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мақат аудандық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жастар саясаты және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Мақат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері

Мақат аудандық мәслихатының
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 11-VII шешіміне қосымша
2019 жылғы 13 қыркүйектегі
аудандық мәслихаттың № 303-VI
шешіміне қосымша
Мақат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы қағида «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес жасақталды және Мақат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

3

3. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктердегі жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжаттың қоса ұсынылуымен денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың ұсынулары бойынша ауылдық округтер әкімдері бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде, алушылардан өтініштер талап етпей көрсетіледі.

4 4. Әлеуметтік қолдау Мақат ауданының аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

3 3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

5 5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

Қолданыстағы