О внесении изменений в решение маслихата района Тереңкөл от 13 июня 2019 года № 6/45 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата района Тереңкөл»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата района Тереңкөл от 13 июня 2019 года № 6/45 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата района Тереңкөл»
- Атауы (қаз.)
- Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 6/45 ««Тереңкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4/22
- Қабылданған күні
- 05.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2022 167714_574252.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22PH00422M
- ЭКБ идентификаторы
- 167714
- Редакция идентификаторы
- 167714_574252
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:02
0 Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 6/45 ««Тереңкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 6/45 ««Тереңкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6449 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Тереңкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, бас маманмен және мәслихат аппаратының басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.