Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий»

Бұйрық · № 40 · қабылданған 16.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2019-no-73-ekb-167762/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий» Қолданыста Бұйрық ·№ 40 ·16.05.2022
16.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий»

Қолданыста Бұйрық ·№ 40 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий»
Атауы (қаз.)
«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
40
Қабылданған күні
16.05.2022
Көрсетілген редакция
16.05.2022 167762_575690.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028067
ЭКБ идентификаторы
167762
Редакция идентификаторы
167762_575690
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:55

0 «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыруды, сондай-ақ «Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару», «Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру» және «Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісім беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.»;
2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-қимылдар жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау тәртібін;»;
5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қызметтің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Электр энергетикасы туралы Заң) 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган ақпаратының нөмірі мен берілген күнін көрсетеді;»;
9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару бойынша өтінішпен жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні (өтініш сағат 18:00-ден кейін түскен жағдайда келесі жұмыс күні, демалыс және мереке күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тіркеледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган басшысының атына және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беруге болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер Заңда өзгеше көзделмесе, шағым сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;
13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.»;
16-тармағының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ақпараты негізінде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын табиғи монополия субъектісі қызметі Электр энергетикасы туралы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Табиғи монополия субъектісі уәкiлеттi орган мерзімді баспасөз басылымында жария тыңдаулар өткізілетін күн мен орын туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін жария тыңдаулар өткізілгенге дейін жария тыңдауларға қатысушылардың талап етуі бойынша:
тариф пен тарифтік сметаның жобаларын;
экономикалық тұрғыдан негізделген есептемелермен бірге тарифтің өзгеру себептері туралы ақпаратты ұсынады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Осы тарау өтінішхаттарды ұсыну мен қарау және уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-қимылдар жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау тәртібін, мерзімдерін айқындайды.»;
33-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Көрсетілетін қызметті алушы аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні (өтініш сағат 18:00-ден кейін түскен жағдайда келесі жұмыс күні, демалыс және мереке күндері түскен жағдайда Кодексіне сәйкес тіркеледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.»;
35-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Көрсетілетін қызметті алушы аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні (өтініш сағат 18:00-ден кейін түскен жағдайда келесі жұмыс күні, демалыс және мереке күндері түскен жағдайда Кодексін сәйкес тіркеледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беруге болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер Заңда өзгеше көзделмесе, шағым сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;
192-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«192. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі Қазақстан Республикасының Су кодексіне, «Темір жол көлігі туралы», «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Газ және газбен жабдықтау туралы», «Магистральдық құбыр туралы», «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Қағидаларға сәйкес ұсынылады.»;
282-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«282. Тұтынушылардың өтініштері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде қаралады.»;
314-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«314. Үйге ортақ есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін төлем «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.»;
361-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«361. Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
375-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорытынды реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштері жобасының нысаналы мәндерін өзгерту мен нақтылаудың негіздемесін қамтиды.»;
380-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«380. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау туралы есепті талдау нәтижелерін уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы қорытынды түрінде ресімдейді.»;
398-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорытынды реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштері жобасының нысаналы мәндерін өзгерту мен нақтылаудың негіздемесін қамтиды.»;
414-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«414. Есепті талдау нәтижелерін уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы қорытынды түрінде ресімдейді.»;
421-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«421. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау туралы есепті талдау нәтижелерін уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы қорытынды түрінде ресімдейді.»;
444-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«444. Техникалық сараптама қорытындысының мазмұны:
1) кіріспе бөлік (іс-шаралар, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштерінің тізбесі, бөлінген бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпарат;»;
1-қосымшада:
2-нысан осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-1 және 2-2-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымшада:
6 және 7-нысандар осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

1 Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге қосу туралы өтініш

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 16 мамырдағы № 40
Бұйрыққа 1-қосымша
2-нысан
___________________________
(уәкілетті органның атауы)
____________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
____________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі) ____________________________
(заңды мекенжайы, байланыс
телефондары)
Табиғи монополиялар субъектілерін
Мемлекеттік тіркелімге қосу туралы өтініш
____________________________________________________________________________________
(Мемлекеттік тіркелімнің республикалық немесе жергілікті бөлімінің атауы)
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің _____________________________
____________________________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы)
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия № ___________________________________
____________________________________________________________________________________
(табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі)
(электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсеткен кезде электр энергетикасы саласындағы
басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан
Республикасының Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы, берілген күні
№ __ ақпарат көрсетіледі, табиғи монополия субъектісінің тіркелген орны басқа облысқа, республикалық
маңызы бар басқа қалаға немесе астанаға өзгерген жағдайда – заңды мекенжайдың өзгеруі
көрсетіледі)__________________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________________________
(табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету аумағы)
реттеліп көрсетілетін қызметтерді өндіруге іске қосылған активтер (теңгерімде немесе
жалға алуда немесе сенімгерлік басқаруда бар) қосуыңызды сұраймын.
20 ___ жылғы «____» ______________(күні)

2 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 16 мамырдағы № 40
Бұйрыққа 2-қосымша
Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
1-1-қосымша
«Аэро­на­ви­га­ция, әу­е­жай­лар және бай­ла­ныс са­ла­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да, та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субьек­ті­ле­рі­нің мем­ле­кет­тік тір­ке­лі­міне ен­гі­зу және шы­ға­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­ті­нің стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стр­лі­гі­нің Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар­ды рет­теу ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – Ко­ми­тет), Ко­ми­тет­тің аумақ­тық ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Аэро­на­ви­га­ция, әу­е­жай­лар және бай­ла­ныс са­ла­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да, та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субьек­ті­ле­рі­нің мем­ле­кет­тік тір­ке­лі­міне ен­гі­зу – 30 ми­нут;
Аэро­на­ви­га­ция, әу­е­жай­лар және бай­ла­ныс са­ла­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да, та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субьек­ті­ле­рі­нің мем­ле­кет­тік тір­ке­лі­мі­нен шы­ға­ру – 2 жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Аэро­на­ви­га­ция, әу­е­жай­лар және бай­ла­ныс са­ла­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да, та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субьек­ті­ле­рі­нің мем­ле­кет­тік тір­ке­лі­міне ен­гі­зу неме­се шы­ға­ру ту­ра­лы ку­ә­лік не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­ды түр­де.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
Жұ­мыс кесте­сі:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ең­бек ко­дек­сі) және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на (бұ­дан әрі – «Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Заң) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін.
2) пор­тал – тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ең­бек ко­дек­сіне және «Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Заң­ға сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Тір­ке­лім­ге ен­гі­зу үшін: бі­рін­ші бас­шы қол қой­ған, осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес 2-ны­сан бой­ын­ша тір­ке­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы өті­ніш.
Бұл рет­те электр энер­ги­я­сын бе­ру бой­ын­ша рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­те­тін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар «Электр энер­ге­ти­ка­сы ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 13-1-ба­бы 6-тар­ма­ғы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы электр энер­ге­ти­ка­сы са­ла­сын­да бас­шы­лық­ты жү­зе­ге асы­ра­тын мем­ле­кет­тік ор­ган қо­ры­тындыс­ы­ның нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­нін көр­се­те­ді.
Тір­ке­лім­нен алып та­стау үшін: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өзі­нің та­би­ғи мо­но­по­лия са­ла­сы­на жат­қы­зы­л­ған қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ды тоқ­та­тқан күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 15 (он бес) күн ішін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес 3-ны­сан бой­ын­ша та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­рін мем­ле­кет­тік тір­ке­лім­нен алып та­стау ту­ра­лы бі­рін­ші бас­шы қол қой­ған өті­ніш­ті ұсы­на­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның те­ріс жа­у­а­бы, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
5) оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің бо­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​economy.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​economy.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген.
Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777.

3 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 16 мамырдағы № 40
Бұйрыққа 3-қосымша
Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
2-1-қосымша
«Аэро­на­ви­га­ция, әу­е­жай­лар және бай­ла­ныс са­ла­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да, егер ағым­да­ғы жыл­дың ба­сын­да­ғы бух­гал­тер­лік ба­лан­ста есеп­ке алын­ған, оған қа­ты­сты мәмі­ле жа­са­ла­тын мү­лік­тің ба­лан­стық құ­ны ағым­да­ғы жыл­дың ба­сын­да­ғы бух­гал­тер­лiк ба­лан­сқа сәй­кес оның ак­тив­те­рі­нің ба­лан­стық құ­ны­ның 0,05 про­цен­ті­нен аса­тын бол­са, та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің мүл­кі­мен мәмі­ле­лер жа­са­у­ға ке­лі­сім бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­ті­нің стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стр­лі­гі­нің Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар­ды рет­теу ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – Ко­ми­тет), Ко­ми­тет­тің аумақ­тық ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Өті­ніш­тер­ді (өті­ні­ш­хат­ты) қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де – 10 (он) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Аэро­на­ви­га­ция, әу­е­жай­лар және бай­ла­ныс са­ла­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да, егер ағым­да­ғы жыл­дың ба­сын­да­ғы бух­гал­тер­лік ба­лан­ста есеп­ке алын­ған, оған қа­ты­сты мәмі­ле жа­са­ла­тын мү­лік­тің ба­лан­стық құ­ны ағым­да­ғы жыл­дың ба­сын­да­ғы бух­гал­тер­лiк ба­лан­сқа сәй­кес оның ак­тив­те­рі­нің ба­лан­стық құ­ны­ның 0,05 про­цен­ті­нен аса­тын бол­са, та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің мүл­кі­мен мәмі­ле­лер жа­са­у­ға ке­лі­сім бе­ру ту­ра­лы хат не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін.
7
Жұ­мыс кесте­сі
Жұ­мыс кесте­сі:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін;
2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес 1-ны­сан бой­ын­ша уәкі­лет­ті ор­ган­ның ке­лі­сі­мін алу ту­ра­лы өті­ні­ш­хат;
2) ие­лік­тен шы­ға­ры­ла­тын объ­ек­ті­лер бө­лі­ні­сін­де ие­лік­тен шы­ға­ры­ла­тын мү­лік­тің ата­уын, ти­пін, тү­рін, тү­ген­деу нө­мі­рін, ба­стап­қы, қал­дық құ­нын көр­се­те оты­рып, та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің бас­шы­сы қол қой­ған, ағым­да­ғы жыл­дың ба­сын­да­ғы бух­гал­тер­лік ба­лан­стан үзін­ді-рас­та­удың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) егер бұл та­риф­ті арт­ты­ру­ға әкел­се;
2) егер бұл тұ­ты­ну­шы­лар­мен шар­ттар­ды бұзуға әкел­се;
3) егер бұл тұ­ты­ну­шы­лар­дың құқық­та­ры мен заң­ды мүд­де­ле­ріне нұқ­сан кел­ті­ру­ге әкел­се;
4) егер бұл рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну­дың үз­дік­сіз бай­ла­ны­сты тех­но­ло­ги­я­лық жүй­е­сі­нің бұ­зы­луы­на неме­се рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет са­па­сы­ның тө­мен­де­уіне әкел­се;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін ұсы­ны­л­ған қа­жет­ті ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
7) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
8) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған, заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің бо­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​economy.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​economy.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген.
Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777.

4 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 16 мамырдағы № 40
Бұйрыққа 4-қосымша
Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
2-2-қосымша
«Аэро­на­ви­га­ция, әу­е­жай­лар және бай­ла­ныс са­ла­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да, та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­рін қай­та ұй­ым­да­сты­ру­ға және та­ра­ту­ға ке­лі­сім бе­ру»
мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­ті­нің стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стр­лі­гі­нің Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар­ды рет­теу ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – Ко­ми­тет), Ко­ми­тет­тің аумақ­тық ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де – 5 (бес) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Аэро­на­ви­га­ция, әу­е­жай­лар және бай­ла­ныс са­ла­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да, та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­рін қай­та ұй­ым­да­сты­ру­ға және та­ра­ту­ға ке­лі­сім бе­ру ту­ра­лы хат не негіз­дер бой­ын­ша элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін.
7
Жұ­мыс кесте­сі
Жұ­мыс кесте­сі:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін;
2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес 2-ны­сан бой­ын­ша уәкі­лет­ті ор­ган­ның ке­лі­сі­мін алу ту­ра­лы қол­да­ухат;
2) бі­рі­гу, қо­сы­лу, қай­та құ­ры­лу ке­зін­де – тап­сы­ру ак­ті­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
3) бө­лу, бө­лі­ніп шы­ғу ке­зін­де – бө­лу ба­лан­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) та­ра­ту ке­зін­де – та­ра­ту ба­лан­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) егер бұл та­риф­ті арт­ты­ру­ға әкел­се;
2) егер бұл тұ­ты­ну­шы­лар­мен шар­ттар­ды бұзуға әкел­се;
3) егер бұл тұ­ты­ну­шы­лар­дың құқық­та­ры мен заң­ды мүд­де­ле­ріне нұқ­сан кел­ті­ру­ге әкел­се;
4) егер бұл рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну­дың үз­дік­сіз бай­ла­ны­сты тех­но­ло­ги­я­лық жүй­е­сі­нің бұ­зы­луы­на неме­се рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет са­па­сы­ның тө­мен­де­уіне әкел­се;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін ұсы­ны­л­ған қа­жет­ті ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
7) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
8) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған, заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің бо­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​economy.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​economy.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген.
Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777.

5 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 16 мамырдағы № 40
Бұйрыққа 5-қосымша
6-нысан
Ұсынылады: табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған:
Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметінің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы есеп
Есепті кезең 20____ ж.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: ОССКУС-1
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы: табиғи монополиялар субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі
жылдың 1 мамырынан кешіктірмей.
Нысан
р/с

Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Көр­сет­кіш­тің ны­са­на­лы мәні
Есеп­ті ке­зең­ге көр­сет­кіш­тің ны­са­на­лы мәні­нен рұқ­сат еті­л­ген ауыт­қу (жыл)
Есеп­ті ке­зең­де­гі көр­сет­кіш­тің нақ­ты мәні (жыл)
Көр­сет­кіш­тің нақ­ты мәні­нің есеп­ті ке­зең­де­гі оның ны­са­на­лы мәні­нен нақ­ты ауыт­қуы (жыл)
Ауыт­қу се­беп­те­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
1
2
3
Табиғи монополия субъектісінің атауы ________________________________
__________________________________________________________________
Мекенжайы _______________________________________________________
Телефоны_________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы______________________________________
Орындаушының тегі және телефоны __________________________________
Табиғи монополия субъектісінің басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті
тұлға _____________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Күні «______________» 20___жыл

5.1 Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

Қосымша
Субъектінің реттеліп көрсетілетін
сақтау туралы есеп нысанына
сапа және сенімділік көрсеткіштері
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметінің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы есеп

(индексі – ОССКУС-1, кезеңділігі: жылдық)

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) «Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметінің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысан «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 23-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3 3. Нысанды табиғи монополия субъектісі жылына 1 (бір) рет жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, нысандағы деректер теңгемен толтырылады.

4 4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

2 2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

5 5. «№» деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат нөмірлеуді рет-ретімен үзбеуі тиіс;

6 6. «Көрсеткіштің атауы» 2-бағанында тиісті табиғи монополиялар саласындағы қызмет көрсету сапасы көрсеткішінің атауы көрсетіледі;

7 7. «Өлшем бірлігі» деген 3-бағанда сапа көрсеткішінің тиісті қызметінің өлшем бірлігі көрсетіледі;

8 8. «Көрсеткіштің нысаналы мәні» 4-бағанында сапа көрсеткішінің нысаналы мәні көрсетіледі;

9 9. «Есепті кезеңге (жылға) арналған көрсеткіштің нысаналы мәнінен жол берілетін ауытқу» деген 5-бағанда есепті кезеңге (жылға) арналған көрсеткіштің нысаналы мәнінен жол берілетін ауытқу көрсетіледі);

10 10. «Есепті кезең (жыл) ішіндегі көрсеткіштің нақты мәні» деген 6-бағанда есепті кезең (жыл) ішіндегі көрсеткіштің нақты мәні көрсетіледі)

11 11. «Көрсеткіштің нақты мәнінің есепті кезеңдегі (жылдағы) нысаналы мәнінен нақты ауытқуы» деген 7-бағанда көрсеткіштің нақты мәнінің есепті кезеңдегі (жылдағы) нысаналы мәнінен нақты ауытқуы көрсетіледі);

12 12. «Ауытқу себептері» 8-бағанында ауытқу себептері көрсетіледі.

6 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 16 мамырдағы № 40
Бұйрыққа 6-қосымша
7-нысан
Ұсынылады: табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын
мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған:
Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің нақты және жоспарлы мәндері
Әкімшілік деректер нысанының индексі: КНРУ-1
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең 20 ___ ж.
Ұсынатын тұлғалар тобы: табиғи монополиялар субъектілері
Ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
__________________________________________________________________
(қызметтің атауы)
Мақсаты: қызметтер сапасының стандарт жобасын қалыптастыру
р/с №
Көр­сет­кіш­тің ата­уы
Қыз­мет са­па­сы­ның стан­дарт көр­сет­кі­ші­нің фор­му­ла­сы
Өл­шем бір­лі­гі
Ор­та­ша жыл­дық нақ­ты мәні
Ор­та­ша жыл­дық жыл­дық мәні
1-жыл***
2-жыл***
3-жыл***
4-жыл***
5-жыл***
т/т *
те/т **
т/т *
те/т **
т/т *
те/т **
т/т *
те/т **
т/т *
те/т **
т/т *
те/т **
1
2
3
Табиғи монополия субъектісінің атауы _________________________________
__________________________________________________________________
Мекенжайы________________________________________________________
Телефон ___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________
Орындаушының тегі және телефоны___________________________________
Табиғи монополия субъектісінің басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті
тұлға______________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Күні «______________» 20___жыл

6.1 Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмелер

Қосымша
нысан нақты және жоспарлы
сапа көрсеткіштерінің мәні және
реттелетін қызметтің сенімділігі
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмелер
Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің нақты және жоспарлы мәні

(индексі- КНРУ-1, кезеңділігі: жылдық)

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметінің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысан «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 23-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3 3. Нысанды табиғи монополия субъектісі жылына 1 (бір) рет жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, нысандағы деректер теңгемен толтырылады.

4 4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

2 2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

5 5. «№» деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат нөмірлеуді рет-ретімен үзбеуі тиіс;

6 6. «Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігі көрсеткішінің атауы» деген 2-бағанда ведомство бастапқы Тізбе жобасының көрсеткіштерін көрсетеді.

Табиғи монополия субъектісінде бастапқы тізбенің жобасын жаңа көрсеткіштермен толықтыру жөнінде ұсыныстар болған кезде табиғи монополия субъектісі бастапқы тізбенің жобасының көрсеткіштерінен төмен жаңа жолдар қосады.

7 7. «Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігі көрсеткішінің формуласы» деген 3-бағанда реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігі көрсеткішінің формуласы көрсетіледі;

8 8. «Өлшем бірлігі» деген 4-бағанда сапа көрсеткішінің тиісті көрсетілетін қызметінің өлшем бірлігі көрсетіледі;

9 9. «Орташа жылдық Нақты мән» деген 5-бағанда реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа көрсеткіштері бекітілген жылдың алдындағы жыл ішіндегі көрсеткіштердің нақты мәндері көрсетіледі.

10 10. «Орташа жылдық жоспарлы мән» деген 5-бағанда жоспарлы

реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа стандартын әзірлеу жылына және одан кейінгі 4 жылға көрсеткіштердің мәні.
Жоспарланған мәндер болмаған жағдайда, мақсатты мәндерді әзірлеу кезінде тек нақты мәндер қолданылады. Нақты мәндер деп есепті кезеңдегі табиғи монополия субъектісінің нақты көрсеткіштері түсініледі.
* – тұрмыстық тұтынушылар;
** – тұрмыстық емес тұтынушылар;
***– реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігінің қолданылу кезеңінің жылы.

Қолданыстағы