Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий»

Бұйрық · № 9 · қабылданған 24.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2019-no-73-ekb-178343/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий» Қолданыста Бұйрық ·№ 9 ·24.01.2023
24.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий»

Қолданыста Бұйрық ·№ 9 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий»
Атауы (қаз.)
«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
24.01.2023
Көрсетілген редакция
24.01.2023 178343_618505.kaz
Соңғы өзгеріс
24.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031775
ЭКБ идентификаторы
178343
Редакция идентификаторы
178343_618505
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:34

0 «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:
«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
142-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) конкурстық өтінімдер ашылатын күнге дейін үш айдан кешіктірмей берілген, есебі мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;»;
152-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есебі мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерде бір теңге және одан астам мөлшердегі міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек туралы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер туралы ақпараттың болуы;».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Қағидалардың 152-тармағының 4) тармақшасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«4) есебі мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерде бір теңге және одан астам мөлшердегі міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек туралы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер туралы ақпараттың болуы;».

5 5. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Қолданыстағы