О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий»
- Атауы (қаз.)
- «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 28.02.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2025 207554_747102.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035761
- ЭКБ идентификаторы
- 207554
- Редакция идентификаторы
- 207554_747102
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:51
0 «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу порталда мынадай тәсілдердің бірімен:
1) конкурс;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу тәсілімен;
4) биржалық тауарды сатып алушы ретінде тауар биржаларында жүзеге асырылады.
Биржалық тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.».
2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі