Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 871 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по компенсации суммы налога на добавленную стоимость физическим лицам, являющимся гражданами иностранных государств, при вывозе товаров за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза, за исключением вывоза товаров через территории государств-членов Евразийского экономического союза (пилотный пр

Бұйрық · № 631 · қабылданған 27.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2019-no-871-ekb-169319/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 871 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по компенсации суммы налога на добавленную стоимость физическим лицам, являющимся гражданами иностранных государств, при вывозе товаров за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза, за исключением вывоза товаров через территории государств-членов Евразийского экономического союза (пилотный пр Қолданыста Бұйрық ·№ 631 ·27.06.2022
27.06.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 871 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по компенсации суммы налога на добавленную стоимость физическим лицам, являющимся гражданами иностранных государств, при вывозе товаров за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза, за исключением вывоза товаров через территории государств-членов Евразийского экономического союза (пилотный пр

Қолданыста Бұйрық ·№ 631 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 871 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по компенсации суммы налога на добавленную стоимость физическим лицам, являющимся гражданами иностранных государств, при вывозе товаров за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза, за исключением вывоза товаров через территории государств-членов Евразийского экономического союза (пилотный пр
Атауы (қаз.)
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығының сомасын өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» («такс фри» пилоттық жобасы) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығ
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
631
Қабылданған күні
27.06.2022
Көрсетілген редакция
27.06.2022 169319_582971.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028630
ЭКБ идентификаторы
169319
Редакция идентификаторы
169319_582971
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:14

0

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығының сомасын өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» («такс фри» пилоттық жобасы) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығы» бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығының сомасын өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» («такс фри» пилоттық жобасы) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19235 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрықтың 3-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 15 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығының сомасын өтеу жөніндегі пилоттық жобаны («такс фри» пилоттық жобасы) іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік кіріс органдары – аумағында қызметін жүзеге асыру орны бойынша тіркелген, пайдалану құқығында «такс фри» пилоттық жобасына қатысатын стационарлық сауда объектілерінде сауда орны бар салық төлеушілер тіркелген аумақтық мемлекеттік кіріс органдары;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «такс фри» жүйесіндегі сауда қызметінің субъектісі – пайдалану құқығындағы «такс фри» пилоттық жобасына қатысатын стационарлық сауда объектілерінде сауда орны бар және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектісі.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Такс фри» пилоттық жобасы Нұр-сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларында орналасқан стационарлық сауда объектілерінде «такс фри» жүйесінің операторы мен «такс фри» жүйесіндегі сауда қызметінің субъектісі арасында жасалған «такс фри» пилоттық жобасына қатысу туралы шарт негізінде іске асырылады.
10. «Такс фри» жүйесінде қосылған құн салығының сомасын өтеу «такс фри» пилоттық жобасына қатысатын стационарлық сауда объектілерінде орналасқан сауда орындарындағы «такс фри» жүйесінде сауда қызметі субъектісінен сатып алынған азық-түлік емес тауарларға ғана жүргізіледі.»;
11-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік кіріс және паспорттық бақылау органдарының қызметкері Нұр-сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларында тауарларды қарап тексеру рәсімінен өткеннен кейін екінші данасын сатып алушы «такс фри» жүйесі операторының атына Нұр-сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының қону аймақтарында орналасқан «такс фри» арнайы пошта жәшіктері арқылы жібереді. Түркістан немесе «такс фри»жүйесінің операторы айқындаған өзге де жеткізу тәсілімен.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 14-бабында көзделген шарттарда тауарды айырбастаған немесе қайтарған жағдайларда бұрын ұсынылған «такс фри» құжаттары (түбіртегі) «такс фри» жүйесіндегі сауда қызметі субъектісіне қайтарылуға тиіс, тауар ауыстырылған жағдайда жаңа «такс фри» құжаты (түбіртегі), сондай-ақ қосымша шот-фактура ұсынылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Сатып алушы Нұр-сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының ғимараттарында орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінен өткенге дейін сатып алушыға ресімделген сатып алынған тауарларды, «такс фри» құжаттарын (чектерін), бақылау-касса машинасының чектерін, шетелдік азаматтың жеке басын куәландыратын құжатты (паспортты) кедендік тексеруге ұсынады мемлекеттер және отырғызу талоны.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Сатып алушы мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы тауарларды қарап-тексеру рәсімінен өткеннен кейін және қалалардың халықаралық әуежайларында паспорттық бақылаудан өткен соң
Нұр-сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының қону аймағында орналасқан «такс фри» арнайы пошта жәшігі арқылы «такс фри» жүйесінің операторына Мемлекеттік кірістер органына қарап тексеру жүргізу туралы белгісі бар «такс фри» құжатын (чегін) (жеке нөмірлік мөрін) ұсынады немесе жеткізудің өзге де тәсілімен (пошта байланысы) жүзеге асырылады.»;
16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Сатып алушы өзі сатып алған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге (тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы әкетуді қоспағанда) Нұр-сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының ғимаратында орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын өткізу пункті арқылы әкетуді жүзеге асырса, бұл белгімен (жеке нөмірлік мөрі) расталады Мемлекеттік кірістер органының құжатында (чекте) «такс фри»;».

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы