О внесении дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 13 ноября 2019 года № 910 «Об утверждении Правил образования и работы отборочных комиссий воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 13 ноября 2019 года № 910 «Об утверждении Правил образования и работы отборочных комиссий воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 910 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 1035
- Қабылданған күні
- 08.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 20.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2026 I229853_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039842
- ЭКБ идентификаторы
- 229853
- Редакция идентификаторы
- I229853_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 10.09.2026 03:30
0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 910 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 910 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19616 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Іріктеу комиссиясы жұмысты ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шараларды жүргізеді:
кандидаттардың жеке ісін тексеру;
кандидаттардың әскери-есептік мамандығына және тағайындау үшін қаралатын әскери лауазымның біліміне сәйкес келуін тексеру;
кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру;
кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
іріктеу комиссиясының отырысында іріктелген кандидаттарды қарау;
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген мәліметтердің болуына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Талдау орталығы» ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттарды тексеру.».