О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Баскольского сельского округа Бескарагайского района от 13 января 2020 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий по улице Озерная села Башкуль Баскольского сельского округа Бескарагайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Баскольского сельского округа Бескарагайского района от 13 января 2020 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий по улице Озерная села Башкуль Баскольского сельского округа Бескарагайского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 1 «Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Башкөл ауылы Озерная көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 17.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2020 140357_448633.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VGB06776
- ЭКБ идентификаторы
- 140357
- Редакция идентификаторы
- 140357_448633
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:37
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және ауылдық округі әкімінің
2020 жылғы 13 қаңтардағы № 1 «Бесқарағай ауданы Баскөл
ауылдық округінің Башкөл ауылы Озерная көшесіне
шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 - 1 – бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 – бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 2 наурыздағы № 74 ұсынысына сәйкес, Баскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Ірі қара мал арасында құтырма ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық – санитарлық іс - шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Озерная көшесінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2 2. Баскөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 1
«Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Башкөл ауылы Озерная көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6531 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.