Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 13 апреля 2020 года № 13 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов» и о признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов»

Бұйрық · № 12 · қабылданған 25.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2020-no-13-ekb-165999/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 13 апреля 2020 года № 13 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов» и о признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов» Қолданыста Бұйрық ·№ 12 ·25.03.2022
25.03.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 13 апреля 2020 года № 13 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов» и о признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 12 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 13 апреля 2020 года № 13 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов» и о признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12
Қабылданған күні
25.03.2022
Көрсетілген редакция
25.03.2022 165999_566567.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027387
ЭКБ идентификаторы
165999
Редакция идентификаторы
165999_566567
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:57

0

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20393 тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.»;
12 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін), және (немесе) сенімхатты көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.»;
мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2 және 14-3-тармақтармен толықтырылсын:
«14-1. Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны және тәсілі туралы хабарлайды.
14-2. Тыңдау туралы хабарлама өтініш тіркелгеннен кейін алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
14-3. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші сот органынан шығатын құжатқа апостиль қою туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
19 тармақ алынып тасталсын;
20 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекетті жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімімен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Департамент басшысы
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 12 Бұйрыққа
1-қосымша
«Сот органдарынан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою»
жөніндегі мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою
2
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органдары
3
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал);
3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) кеңсесі (бұдан әрі – ҚР ЖС СҚҚД) арқылы жүзеге асырылады.
4
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
порталда-1 (бір) жұмыс күні;
облыстарда, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне - 1 (бір) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне - 5 (бес) жұмыс күні;
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша – 5 (бес) жұмыс күні.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
Қызмет көрсетуді күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 (он бес) минут.
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде
6
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Құжатқа қол қойған тұлға қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетiлгенi үшiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төленеді.
8
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұма күндері қоса есептелгенде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліс.
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбі күнін қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
3) порталда – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы, мына интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) көрсетілетін қызметті беруші: www.sud.gov.kz;
2) Мемлекеттік корпорация: www.gov4с.kz;
3) порталда www.egov.kz.
9
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат;
4) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат (салыстыру үшін);
5) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер өзгеріс Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжат тиісті ақпараттық жүйелерден талап етіледі);
6) мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;
2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі;
3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
4) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) ауысқанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (егер өзгеріс Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжат тиісті ақпараттық жүйелерден талап етіледі).
Егер азаматтық хал актілерін тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, жеке басты куәландыратын, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткенін растайтын құжаттар туралы, сондай-ақ мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметтерді (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
10
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Әділет министрінің мндетін атқарушы 2021 жылғы 4 қарашадағы №950, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы №702, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы №1182, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2021 жылғы 16 қарашадағы №30, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №363, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы 2021 жылғы 24 қарашадағы №155, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №574 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы №851 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25789 тіркелген) апостиль қоюдың бірыңғай Қағидаларының талаптарына және осы Қағидаға сәйкес келмеуі.
11
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген басқа да талаптары
Тiршiлiк әрекетiн шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығында кінәраты бар қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін олардың Бірыңғай байланыс орталығына 1414, 8 800 080 7777 жүгінуі арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері қажет болған жағдайда құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.
Цифрлық құжаттар сервисі "электрондық үкімет" мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, "электрондық үкімет" мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

2 Өтініш

Департамент басшысы
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 12 Бұйрыққа
2-қосымша
«Сот органдарынан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою»
жөніндегі мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
____________________________
____________________________
_________________ басшысына
____________________________
(қызметті алушының Т.А.Ә.
(болған жағдайда ))
____________________________
(тұрғылықты мекенжайы, ұялы байланыстың
абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы)
____________________________
(жеке басты куәландыратын құжаттың №, ЖСН)
Өтініш
Сізден _______________________________________________________
(сот құжатының атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(беру мемлекеті)
беру (көрсету) үшін апостиль қойып, беруіңізді сұраймын.
Осы өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
4) ____________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды
құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін.
Осымен менің көрсеткен тұрғылықты жерімнің (орналасқан жерімнің)
мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы
дұрыс екенін және көрсетілген байланыстарға жіберілген хабарлама (хабарлама)
тиісінше және жеткілікті деп есептелетінін растаймын.
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда ) _____қолы ____
20__жылғы «___»_______
М.О. (заңды тұлғалар үшін)
----------------------------------------------------------------------------------------------------
кесу сызығы
Құжатты қабылдады ________________________ 20__жылғы «___» ______
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Құжаттарды беру уақыты __________________ 20__ жылғы «___» ______

Қолданыстағы