Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-194/2020 «Об утверждении правил прикрепления физических лиц к организациям здравоохранения, оказывающим первичную медико-санитарную помощь»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-76 · қабылданған 08.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2020-no-1942020-ekb-170538/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-194/2020 «Об утверждении правил прикрепления физических лиц к организациям здравоохранения, оказывающим первичную медико-санитарную помощь» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-76 ·08.08.2022
08.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-194/2020 «Об утверждении правил прикрепления физических лиц к организациям здравоохранения, оказывающим первичную медико-санитарную помощь»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-76 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-194/2020 «Об утверждении правил прикрепления физических лиц к организациям здравоохранения, оказывающим первичную медико-санитарную помощь»
Атауы (қаз.)
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-76
Қабылданған күні
08.08.2022
Көрсетілген редакция
08.08.2022 170538_587096.kaz
Соңғы өзгеріс
08.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029086
ЭКБ идентификаторы
170538
Редакция идентификаторы
170538_587096
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:43

0 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 123-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына (бұдан әрі - МСАК) жеке тұлғаларды бекіту тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың:
8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) МСАК көрсететін жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі (бұдан әрі – жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі) –жаңа немесе қолданыстағы объектіні өзгерту жолымен алғаш рет ашылған МСАК объектісі;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету үшін «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет) іске асырылды.
МСАК ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше немесе «Электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметтерді ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес келтірілген.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметке тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді мынадай жеке тұлғалар бере алады:
1) зейнеткерлер;
2) мүгедектігі бар адам;
3) бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар (заңды өкілдер);
4) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, колонияларда өтеп жүрген сотталғандар (өтеу орны бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті денсаулық сақтау мемлекеттік басқару органының бірінші басшысының бұйрығымен құрылған «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне халықтың МСАК-қа бекітілуін (босатуын) тіркеу мәселелерін қарастыру жөніндегі комиссияның хаттамасы болса;
5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер, МСАК-қа жоғары оқу орны ректорының жазған өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы болса;
6) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;
7) шет мемлекеттерде туған балалар;
8) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлерінің және басқалардың қамқорлығындағылар;
9) бекітуді сенімхат бойынша ресімдейтіндер;
10) бекітуді шарт болған кезде ЕМС шарты бойынша ресімдейтіндер.
МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне бекітуге сұрау салуды ресімдейді. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісінің маманы бекітуге арналған сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау туралы не дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін).
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеу немесе «Жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту туралы хабарлама болып табылады.
ЭҮП арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет ЭҮП жүгінген күні көрсетіледі.
МСАК ұйымы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мониторинг жүргізу мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді көрсетілетін мемлекеттік қызмет мониторингі ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.»
көрсетілген қағидаға қосымшаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

ҚР Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 8 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-76
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 13 қарашасы
№ ҚР ДСМ-194/2020
бұйрыққа 1-қосымша
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің ата­уы
Ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық ал­ғаш­қы кө­мек көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
1) ті­ке­лей ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық ал­ғаш­қы кө­мек (бұ­дан әрі – МСАК) ұй­ы­мы ар­қы­лы;
2) «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – ЭҮП) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
1) па­ци­ент МСАК ұй­ы­мы­ның құ­жат­та­рын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап, сон­дай – ақ ЭҮП ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де - 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
2) құ­жат­тар­ды тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - 30 (отыз) ми­нут;
3) қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 (отыз) ми­нут.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
1) МСАК ұй­ы­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да бе­кі­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма;
2) дәлел­ді бас тар­ту.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) МСАК ұй­ы­мы – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс (жек­сен­бі) және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі – сен­бі ара­лы­ғын­да (дүй­сен­бі – жұ­ма – үзі­ліс­сіз са­ғат 8.00-ден ба­стап 20.00-ге дей­ін, сен­бі – са­ғат 9.00-ден 14.00-ге дей­ін). Бұл рет­те мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға сұ­ра­ныс көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мысы аяқ­тал­ған­ға дей­ін 2 са­ғат бұ­рын қа­был­да­на­ды (жұ­мыс күн­де­рі 18.00-ге дей­ін, сен­бі кү­ні 12.00-ге дей­ін);
2) ЭҮП – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
1. MСАК ұй­ым­да­ры­на бел­гі­лі бір кон­тин­гент жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар:
1) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат неме­се же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат;
2) зей­нет­кер­лер - зей­не­а­қы ку­ә­лі­гі;
3) мү­ге­дек­ті­гі бар адам;
3) ба­ла ке­зі­нен мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­ның заң­ды өкіл­де­рі, сон­дай-ақ қор­ған­шы­лар неме­се қам­қор­шы­лар, па­тро­нат­тық тәр­би­е­ші­лер және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес ба­ла­ға қам­қор­лық жа­са­уды, бі­лім, тәр­бие бе­ру­ді, ба­ла­ның құқық­та­ры мен мүд­де­ле­рін қор­ғауды жү­зе­ге асы­ра­тын бас­қа да олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар (заң­ды өкіл­дер);
5) сот үкі­мі бой­ын­ша бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­рын­да жа­за­сын өтеп жүр­ген, ко­ло­ни­я­лар­да өтеп жүр­ген сот­тал­ған­дар (өтеу ор­ны бой­ын­ша) – өңір­лер­дің «Ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі бі­рін­ші бас­шы­сы­ның бұй­ры­ғы­мен құ­ры­л­ған «БХТ» АЖ-ға ха­лық­ты МСАК-ға бе­кі­ту­ді (бе­кі­ту­ді) тір­кеу мә­се­ле­ле­рін қа­рау жө­нін­де­гі ко­мис­си­я­ның хат­та­ма­сы;
6) мер­зім­ді қыз­мет әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі – мер­зім­ді қыз­мет­те­гі әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер­ді же­ке құ­рам ті­зі­міне қа­был­дау ту­ра­лы әс­ке­ри бө­лім ко­ман­ди­рі­нің (ме­ке­ме ба­стығ­ы­ның) бұй­ры­ғы­нан үзін­ді кө­шір­ме;
7) сту­дент­тер (18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар), сон­дай-ақ мед­ре­се­де оқи­тын сту­дент­тер (18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар) - жо­ға­ры оқу ор­ны рек­то­ры­ның МСАК-де­гі ре­сми өті­ні­ші және оқу ор­ны мен МСАК ара­сын­да­ғы ко­мис­си­я­ның хат­та­ма­сы;
8) шет мем­ле­кет­тер­де ту­ған ба­ла­лар – шет мем­ле­кет­те ту­ға­нын рас­тай­тын құ­жат;
9) сә­би­лер, же­тім­дер, қарт­тар үй­ле­рі­нің және бас­қа­ла­ры - қам­қор­лық­қа алын­ған тұ­лға­лар - об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның ден­са­улық сақ­та­уды мем­ле­кет­тік бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­ның ше­ші­мі;
10) бе­кі­ту­ді се­нім­хат бой­ын­ша, оның ішін­де шарт болған кез­де ерік­ті ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру шар­ты бой­ын­ша ре­сім­дей­т­ін­дер.
2. ЭҮП-те: элек­трон­дық түр­де сұ­рау са­лу.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ды ер­кін таң­дау құқы­ғы бой­ын­ша бас­қа әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­те ор­на­лас­қан жа­қын жер­де­гі ем­ха­на­ға бе­кі­ті­ле­тін ше­ка­ра­лас аумақ­тар­да тұ­ра­тын адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, қыз­мет­ті алушы­ның МСАК көр­се­те­тін ден­са­улық сақ­тау субъ­ек­ті­сі ор­на­лас­қан әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік ше­гі­нен (ауыл, кент, қа­ла, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­лад­а­ғы аудан, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла, аста­на) тыс нақ­ты (тұ­рақ­ты неме­се уа­қыт­ша) тұ­руын бел­гі­леу;
3) бе­кі­ті­л­ген ха­лық­тың са­ны бір жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­ріне 1700 адам ара­лас ха­лық, учас­ке­лік те­ра­певтке 2200 адам, учас­ке­лік пе­ди­атр­ға 6 жас­қа дей­ін 500 ба­ла, 14 жас­қа дей­ін 900 ба­ла­дан асуы.
4) ба­ла­лар бе­кі­ті­л­ген жағ­дай­да заң­ды өкіл­ді­гін рас­тай­тын құ­жат­тың бол­мауы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­да тір­кел­ген ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де бір рет­тік па­роль бе­ру неме­се қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Дене мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар үшін пан­дус, ша­қы­ру түй­ме­сі, За­ғип­тар мен на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған так­тиль­ді жол, кү­ту за­лы, құ­жат­тар үл­гі­ле­рі бар та­ған­дар бо­луы ти­іс. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рін­де, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғын­да Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

Қолданыстағы