О внесении изменений в решение маслихата от 13 августа 2020 года № 397 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 13 августа 2020 года № 397 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2020 жылғы 13 тамыздағы № 397 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 423
- Қабылданған күні
- 21.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2023 150391_682600.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NO009653
- ЭКБ идентификаторы
- 150391
- Редакция идентификаторы
- 150391_682600
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:57
0 Мәслихаттың 2020 жылғы 13 тамыздағы № 397 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 13 тамыздағы № 397 шешіміне (2020 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
қазақ тіліндегі 7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«8) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.»;
қазақ тіліндегі 13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«13. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті алу үшін:
осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, бірінші рет өтініш берген адамдар мынадай құжаттармен:
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатпен қоса өтініш береді;
осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар (отбасылар) не заңды өкілдері мынадай құжаттармен:
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатпен қоса өтініш береді.»;
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасы екінші абзацында, 7-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.»;
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».