О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 13 марта 2020 года № 57 «Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 13 марта 2020 года № 57 «Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки»
- Атауы (қаз.)
- «Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 214
- Қабылданған күні
- 21.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2024 188794_712620.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23S0762815
- ЭКБ идентификаторы
- 188794
- Редакция идентификаторы
- 188794_712620
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:34
0 «Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын
ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар
нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 13 наурыздағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6094 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 214
қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы «13» наурыздағы
№ 57 қаулысына қосымша
Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы
Тереңдете өңделетін өнімдер атауы
Шикізатқа қайта есептегендегі субсидиялар нормативтері,
теңге / килограмм
Шикі сүт
Сары май
39,3
Шикі сүт
Қатты ірімшік
14,0
Шикі сүт
Құрғақ сүт
(қаймағы алынбаған, майсыздандырылған)
11,2