О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 13 июля 2020 года № 66/708 «О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Абайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 13 июля 2020 года № 66/708 «О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Абайского района»
- Атауы (қаз.)
- Абай ауданының мәслихатының 2020 жылғы 13 шілдедегі «Абай ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» № 66/708 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16/155
- Қабылданған күні
- 14.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2024 194449_688629.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24KI657309
- ЭКБ идентификаторы
- 194449
- Редакция идентификаторы
- 194449_688629
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:37
0 Абай ауданының мәслихатының 2020 жылғы 13 шілдедегі «Абай ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған
іргелес аумақтардың шекаралары туралы» № 66/708 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Абай ауданының мәслихатының 2020 жылғы 13 шілдедегі «Абай ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» № 66/708 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5951 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Абай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
Абай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 14 наурыздағы
№ 16/155 шешіміне
1 қосымша
Абай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 13 шілдедегі
№ 66/708 шешіміне
1 қосымша
Абай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
Абай ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:
1 1) Абай қаласының 3 ықшам аудандағы № 11 үйге қарама-қарсы жолдың периметрі бойынша алаң. Шекті толу нормасы – 500 адам;
2 2) Абай қаласы, Абай көшесі, 23а мекен-жайы бойынша орналасқан аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң. Шекті толу нормасы – 2000 адам;
3 3) Топар кенті, Қазыбек би көшесі, 5 мекенжайында орналасқан «Энергетик» мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң. Шекті толу нормасы – 1000 адам;
4 4) Абай ауданында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:
Абай қаласы Шерубай батыр көшесі бойымен Сәкен Сейфуллин және Шерубай батыр көшелерінің қиылысынан Шерубай батыр және Әлия Молдағұлова көшелерінің қиылысына дейін;
Топар кентінің Дінмұхамед Қонаев көшесі бойынша Қазыбек би және Дінмұхамед Қонаев көшесінің қиылысынан Гагарин көшелері мен Дінмұхамед Қонаев көшесінің қиылысына дейін.
Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.
2 2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:
1 1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;
2 2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3 3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.
1 Абай ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Абай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 14 наурыздағы
№ 16/155 шешіміне
2 қосымша
Абай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 13 шілдедегі
№ 66/708 шешіміне
2 қосымша
Абай ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары