Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Нур-Султан от 13 декабря 2021 года № 107-4464 «Об определении объема и размера финансирования государственного образовательного заказа на дошкольные организации города Нур-Султан на период действия ограничительных мер, в том числе карантина, чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера»

Қаулы · № 107-194 · қабылданған 07.02.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2021-no-107-4464-ekb-178627/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Нур-Султан от 13 декабря 2021 года № 107-4464 «Об определении объема и размера финансирования государственного образовательного заказа на дошкольные организации города Нур-Султан на период действия ограничительных мер, в том числе карантина, чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера» Күшін жойған 13.04.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата города Нур-Султан от 13 декабря 2021 года № 107-4464 «Об определении объема и размера финансирования государственного образовательного заказа на дошкольные организации города Нур-Султан на период действия ограничительных мер, в том числе карантина, чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера»

Күшін жойған Қаулы № 107-194 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Нур-Султан от 13 декабря 2021 года № 107-4464 «Об определении объема и размера финансирования государственного образовательного заказа на дошкольные организации города Нур-Султан на период действия ограничительных мер, в том числе карантина, чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера»
Атауы (қаз.)
«Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
107-194
Қабылданған күні
07.02.2023
Көрсетілген редакция
13.04.2023 178627_625530.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23ABW1071A
ЭКБ идентификаторы
178627
Редакция идентификаторы
178627_625530
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:28
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Шектеу шараларының, оның ішінде

карантиннің, әлеуметтік, табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың қолданылу кезеңіне
Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі
ұйымдарына мемлекеттік білім беру
тапсырысын қаржыландырудың көлемі
мен мөлшерін айқындау туралы»
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26533 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген), «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) бұйрықтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшері осы қаулыға қосымшағана сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген қаулының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген қаулыға қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 107-4464 қаулысына
қосымша»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшері

Астана қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 07 ақпандағы
№ 107-194 қаулысына
қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 107-4464 қаулысына
қосымша
Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына
мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшері
Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­да­ғы бір тәр­би­е­ле­ну­ші­нің ай­лық құ­ны (тең­ге)
Жал­пы да­мы­ту­шы топ­тар
Мем­ле­кет­тік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым жа­нын­да­ғы мек­теп­ке дей­ін­гі ша­ғын ор­та­лық
Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы тү­зе­ту және ин­клю­зив­ті топ­тар
Ба­ра­тын тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің есеп­те­ме­сі (топ­та 15 ба­ла­дан ар­тық емес)
Кел­мей­тін тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің есеп­те­ме­сі
Ба­ра­тын тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің есеп­те­ме­сі (топ­та 15 ба­ла­дан ар­тық емес)
Кел­мей­тін тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің есеп­те­ме­сі
Ба­ра­тын тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің есеп­те­ме­сі (топ­та 15 ба­ла­дан ар­тық емес)
Кел­мей­тін тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің есеп­те­ме­сі
46 189
37 716
20 202
15 448
98 665
90 192