Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 13 октября 2021 года № 252 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области»

Қаулы · № 51 · қабылданған 05.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2021-no-252/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 13 октября 2021 года № 252 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 51 ·05.03.2025
05.03.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 13 октября 2021 года № 252 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 51 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 13 октября 2021 года № 252 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 252 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
51
Қабылданған күні
05.03.2025
Көрсетілген редакция
05.03.2025 207817_753153.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25SL00051A
ЭКБ идентификаторы
207817
Редакция идентификаторы
207817_753153
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:45

0 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қазандағы

№ 252 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 252 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларының 2-тармағының 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (сыртқы қабырғалар, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларының 22-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«22. Тұтынушы коммуналдық қызметтер үшін төлемді Осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай төлем құжаты бойынша жүргізеді.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы