Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима Аулиекольского района от 13 мая 2021 года № 3 «Об образовании избирательных участков на территории Аулиекольского района»

Өзге акт · № 1 · қабылданған 10.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2021-no-3/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима Аулиекольского района от 13 мая 2021 года № 3 «Об образовании избирательных участков на территории Аулиекольского района» Қолданыста Өзге акт ·№ 1 ·10.09.2024
10.09.2024 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима Аулиекольского района от 13 мая 2021 года № 3 «Об образовании избирательных участков на территории Аулиекольского района»

Қолданыста Өзге акт ·№ 1 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима Аулиекольского района от 13 мая 2021 года № 3 «Об образовании избирательных участков на территории Аулиекольского района»
Атауы (қаз.)
Әулиекөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 3 «Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
10.09.2024
Көрсетілген редакция
10.09.2024 200592_719001.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24NG102651
ЭКБ идентификаторы
200592
Редакция идентификаторы
200592_719001
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:43

0 Әулиекөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 3 «Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІМ:

1 1. Әулиекөл ауданы әкімінің «Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2021 жылғы 13 мамырдағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9914 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында № 247, № 253, № 259, № 260, № 262, № 274, № 279, № 280, № 284 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 247 сайлау учаскесі
Москалевка және Жалтыркөл ауылдарының шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Москалевка ауылы, Апрельский көшесі, 22 Б үй, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Москалевка ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің ғимараты»;
«№ 253 сайлау учаскесі
Новоселов және Кургуус ауылдарының шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Новоселов ауылы, Баймағамбетов көшесі, 15-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Новоселовка жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты»;
«№ 259 сайлау учаскесі
Озерный ауылының шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Озерный ауылы, № 1 көше, дүкен ғимараты»;
«№ 260 сайлау учаскесі
Жосалы ауылының шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Жосалы ауылы, № 1 көше, 31-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Лаврентьев негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты»;
«№ 262 сайлау учаскесі
Юльев және Шилі ауылдарының шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Юльев ауылы, Ленин көшесі, 23 Б ғимараты, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты»;
«№ 274 сайлау учаскесі
Әулиекөл ауылының шекараларында: «Бірлік» шағын ауданы, Алтынсарин, Уәлиханов, Гагарин, Западный, Байқұлақ батырдың атындағы, Сұлтан Еркімбаев атындағы, Космонавтар, Қуаныш Шамшиев, Мамедов, Омаров, Пушкин, Южный, Байтұрсынов 1-56, 1 Май 1-36 көшелері.
Учаскенің орналасқан жері: Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 1 Б үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты»;
«№ 279 сайлау учаскесі
Аманқарағай ауылының шекараларында: Абай, Вокзальный, Волков, Гвардейская, Герцен, Горький, Жамбыл, Дзержинский, Железнодорожный, Комсомольский, Королев, Кутузов, Мир, Нефтяников, Пацаев, Суворов, Таран, Титов, Чкалов, Шевченко көшелері.
Учаскенің орналасқан жері: Аманқарағай ауылы, Комсомольский көшесі, 3-үй, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Аманқарағай ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің ғимараты»;
«№ 280 сайлау учаскесі
Лесное ауылының шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Лесное ауылы, № 1 көше, 30-үй, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Лесное ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің ғимараты»;
«№ 284 сайлау учаскесі
Құсмұрын кентінің шекараларында: Буденный, Уалиханов, Гоголь, Дорожников, Закарьерный, Караганский, Омаров, Панфилов, Пушкин, Разведчиктер, Сенный, Советский, Спортивный, Строительный, Чкалов, Щорс, Южный көшелері, Калинин көшесінің тақ жағы 31-37.
Учаскенің орналасқан жері: Құсмұрын кенті, Ленин көшесі, 59-үй, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Құсмұрын кентіндегі ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

2 2. «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Әулиекөл аудандық (аумақтық)
сайлау комиссиясы

Қолданыстағы