Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 13 мая 2021 года № 335-НҚ «Об утверждении Правил осуществления мониторинга деятельности субъектов аккредитации»

Бұйрық · № 215-НҚ · қабылданған 23.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2021-no-335/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 13 мая 2021 года № 335-НҚ «Об утверждении Правил осуществления мониторинга деятельности субъектов аккредитации» Қолданыста Бұйрық ·№ 215-НҚ ·23.07.2025
23.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 13 мая 2021 года № 335-НҚ «Об утверждении Правил осуществления мониторинга деятельности субъектов аккредитации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 215-НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 13 мая 2021 года № 335-НҚ «Об утверждении Правил осуществления мониторинга деятельности субъектов аккредитации»
Атауы (қаз.)
«Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 335-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
215-НҚ
Қабылданған күні
23.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
09.08.2025
Көрсетілген редакция
23.07.2025 212728_776278.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036504
ЭКБ идентификаторы
212728
Редакция идентификаторы
212728_776278
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:07

0 «Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 335-НҚ

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 335-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22758 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидаларында 7 және 8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аккредиттеу субъектісі сұрау салуды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттарды аккредиттеу жөніндегі органға ұсынады.
Аккредиттеу субъектісінің өтініші негізінде аккредиттеу жөніндегі органға құжаттарды ұсыну мерзімі 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады.
8. Аккредиттеу жөніндегі орган ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді және талдау нәтижелері бойынша мониторинг қорытындысын жасайды және онда келесі көрсетіледі:
1) жасалған күні;
2) мониторинг жүргізген (жүргізген) адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
3) аккредиттеу субъектісінің атауы;
4) мониторинг жүргізу кезеңі;
5) аккредиттеу субъектісі қызметінің мониторингке жататын кезеңі.
6) мониторинг нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған сәйкессіздіктер туралы мәліметтер;
7) мониторинг жүргізген (жүргізген) адамның (адамдардың) қолы қойылады.
Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісін мониторинг нәтижелері туралы құжаттар ұсынылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;
12 және 13 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Аккредиттеу жөніндегі орган өзінің ресми сайтында тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей мониторинг нәтижелері туралы есепті жариялайды және онда келесі көрсетіледі:
1) аккредиттеу субъектілерінің саны туралы статистикалық деректер бойынша мониторинг жүргізілді, мониторинг нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған және анықталмагандар;
2) мониторинг жүргізілген аккредиттеу субъектілерінің атаулары, аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкес остігі туралы ақпарат;
3) сәйкессіздіктер анықталған аккредиттеу субъектілеріне қатысты қабылданған шаралар туралы ақпарат.
13. Егер аккредиттеу өлшемшарттарына анықталған сәйкессіздіктерде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері болған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган, осындай сәйкессіздіктер анықталған күннен бастап есептелетін, үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті шаралар қабылдау үшін қорытындыны және жиналған материалдарды жібереді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы