О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 13 февраля 2021 года № 39 «Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2021 год»
Қолданыста
Бұйрық
·№ 483
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 13 февраля 2021 года № 39 «Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2021 год»
- Атауы (қаз.)
- «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 13 ақпандағы № 39 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 483
- Қабылданған күні
- 21.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2021 161932_551034.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100025882
- ЭКБ идентификаторы
- 161932
- Редакция идентификаторы
- 161932_551034
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:57
0 «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 13 ақпандағы № 39 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 13 ақпандағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22211 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай:
1) қандастарды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасының саны 941 адам;
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасының саны 7 211 адам болып белгіленсін.».
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметтері департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынылуын;
4 4) осы бұйрықты жұмысында басшылыққа алу үшін облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.А. Сарбасовқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі