Құжат мәтініне өту

О приостановлении действия некоторых структурных элементов приказа Министра финансов Республики Казахстан от 13 сентября 2021 года № 927 «Об утверждении формы декларации о доходах и имуществе физического лица и правил ее составления»

Бұйрық · № 452 · қабылданған 16.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2021-no-927-ekb-198834/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О приостановлении действия некоторых структурных элементов приказа Министра финансов Республики Казахстан от 13 сентября 2021 года № 927 «Об утверждении формы декларации о доходах и имуществе физического лица и правил ее составления» Қолданыста Бұйрық ·№ 452 ·16.07.2024
16.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О приостановлении действия некоторых структурных элементов приказа Министра финансов Республики Казахстан от 13 сентября 2021 года № 927 «Об утверждении формы декларации о доходах и имуществе физического лица и правил ее составления»

Қолданыста Бұйрық ·№ 452 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О приостановлении действия некоторых структурных элементов приказа Министра финансов Республики Казахстан от 13 сентября 2021 года № 927 «Об утверждении формы декларации о доходах и имуществе физического лица и правил ее составления»
Атауы (қаз.)
«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
452
Қабылданған күні
16.07.2024
Көрсетілген редакция
16.07.2024 198834_713311.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034747
ЭКБ идентификаторы
198834
Редакция идентификаторы
198834_713311
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:32

0 «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығының (бұдан әрі - Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24367 болып тіркелген) 1-тармағы 3) және 4) тармақшасының қолданысы 2024 жылғы 1 тамызға дейін тоқтатыла тұрсын.

2 2. Бұйрықтың 3) және 4) тармақшасының қолданысы тоқтатылған кезеңде Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау қағидаларының (270 нысан) 2-тармағы жоғарыда көрсетілген Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Декларация жыл сайын, Салық кодексінің 633-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдан кейінгі жылдан бастап, есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынылады.
Декларация (1-қосымша) осы Қағидаларға сәйкес жасалады және 2022 жылдан бастап:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларация табыс ету міндеті жүктелген адамдар;
2024 жылдан бастап:

мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары ұсынады.».

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы