О внесении изменений в решение Сырымского районного маслихата от 13 апреля 2022 года № 16-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Сырымского районного маслихата от 13 апреля 2022 года № 16-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района»
- Атауы (қаз.)
- Сырым аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 16-2 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5-4
- Қабылданған күні
- 02.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2023 182710_651181.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23ZJ719507
- ЭКБ идентификаторы
- 182710
- Редакция идентификаторы
- 182710_651181
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:36
0 Сырым аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 16-2 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сырым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сырым аудандық мәслихатының «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 16-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27746 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
6 – тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: