Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 13 сентября 2022 года № 2-к «Об утверждении положения Комитета языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан»

Бұйрық · № 171 · қабылданған 08.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2022-no-2/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 13 сентября 2022 года № 2-к «Об утверждении положения Комитета языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 171 ·08.04.2025
08.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 13 сентября 2022 года № 2-к «Об утверждении положения Комитета языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 171 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 13 сентября 2022 года № 2-к «Об утверждении положения Комитета языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
171
Қабылданған күні
08.04.2025
Қолданысқа енгізілген күні
08.04.2025
Көрсетілген редакция
08.04.2025 209123_752444.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25HN000171
ЭКБ идентификаторы
209123
Редакция идентификаторы
209123_752444
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:09

0 «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс.»;
14 тармақта:
3-абзацтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;»;
5-абзацтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«Комитеттің құзыреті шегінде шығармашылық сайыстарды (конкурстар, олимпиадалар, фестивальдар, ойындар), көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, шеберлік сыныптарын, тағылымдамаларды және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;»;
15-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
20) тармақшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«20) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқа да тілдерінің беделін арттыруға бағытталған ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер мен әдістемелік семинарлар ұйымдастыру және өткізу;»;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) Қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 31-1) және 31-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«31-1) Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
31-2) Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыру және дамытуға жауапты заңды тұлғаны айқындау;».

2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы