Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 13 апреля 2022 года № 2/14 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Майском районе»

Өзге акт · № 4/23 · қабылданған 23.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2022-no-214-ekb-176973/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 13 апреля 2022 года № 2/14 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Майском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 4/23 ·23.12.2022
23.12.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 13 апреля 2022 года № 2/14 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Майском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 4/23 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 13 апреля 2022 года № 2/14 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Майском районе»
Атауы (қаз.)
Май аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 2/14 «Май ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4/23
Қабылданған күні
23.12.2022
Көрсетілген редакция
23.12.2022 176973_612936.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22PJ031616
ЭКБ идентификаторы
176973
Редакция идентификаторы
176973_612936
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:46

0

Май аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 2/14 «Май ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Май аудандық мәслихатының «Май ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі №2/14 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27773 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Май ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Май ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2 Май ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Май аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
23 желтоқсандағы № 4/23
шешіміне қосымша
Май аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
13 сәуірдегі № 2/14
шешіміне қосымша
Май ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға
жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Май ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі -Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде Май ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

3

3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

7 7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы