О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 июня 2022 года № 390 «Об утверждении Правил привлечения лучших педагогов с соответствующим пакетом мер поддержки для регионов, имеющих дефицит учителей (Специальная программа)» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидалары (Арнаулы бағдарлама):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) академиялық адалдық – білім беру процесіне қатысушылардың мінез-құлқын айқындайтын, олар білім беру, тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ғылыми қызметті жүзеге асыру кезінде сақтайтын адалдық, әділдік, құрмет, жауапкершілік пен сенім қағидаттарына негізделген нормалардың, қағидалар мен құндылықтардың жиынтығы;
2) кадрлық резерв мектебі – өз саласындағы көшбасшылар қатарынан басқарушылардың кадрлық резерві;
3) мектеп командалары – ортақ мақсат пен құндылықтар біріктірген педагогтер мен басқарушылар тобы (кейде оларға оқушылар да қосылуы мүмкін);
4) нысаналы өңірлер – білікті, ынталы педагогтерді тарту мен ұстап қалудың орнықты моделін құру және білім беру сапасын жақсарту үшін таңдалған өңірлер;
5) педагогтердің цифрлық технологиялық құзыреттері (бұдан әрі – педагогтердің ЦТ-құзыреттері) – педагогтің білім беру процесінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану, білім алушыларды оқытудың дербестендірілген және бейімделген тәсілдерін жүзеге асыру, кері байланыс алу және оны беру қабілеті;
6) транскрипт (Transcript) – тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер және (немесе) модульдер тізбесін және оқу жұмысының басқа түрлерін қамтитын, кредиттер мен бағалар көрсетілген құжат;
7) «Шабыт» бағдарламасы – ғылым, мәдениет, өнер және ағарту салаларындағы ұлы, атақты қазақ қайраткерлерінің еңбектерін ауқымды педагогикалық қоғамдастық өкілдері арасында насихаттауға бағытталған жоба. Жоба мынадай нысандарды пайдалану арқылы іске асырылады: дәріс, пікірталас, сұхбат, телекоммуникациялық құралдар арқылы.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады. Комиссия алқалы орган болып табылады, оның құрамына «НЗМ» ДБҰ, «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, сондай-ақ білім беру саласындағы азаматтық қоғам өкілдері кіреді.
Комиссия төрағасы оның мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия құрамы кемінде 11 (он бір) адамнан құралады.
Комиссия қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда комиссия құрамы қайта қаралады.
Комиссия құрамына кіретін тұлғалардың жеке мүдделері арасындағы қайшылық мүдделер қақтығысы деп түсініледі, бұл ретте көрсетілген тұлғалардың жеке мүдделері олардың өз міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.
Комиссия мүшелерінде мүдделер қақтығысы туындаса, олар туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өздеріне белгілі болған сәттен бастап Комиссия төрағасын бұл туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
Комиссия жазбаша өтініш негізінде шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы бұйрық шығарады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. ҮК кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы, сондай-ақ педагогикалық әдепті бұзуы туралы мәліметтердің бар-жоғы жөнінде Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне сұрау салу жібереді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны және (немесе) педагогикалық әдеп нормаларын бұзғаны туралы жұмысқа орналасуға тыйым салатын мәліметтер анықталған кезде педагог конкурстан кез келген кезеңде шеттетіледі.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия бекіткен тізімге сәйкес ҮК үміткерлерді бос лауазымдарға қабылдау үшін нысаналы өңірлердің орта білім беру ұйымдарына жібереді. Өңірлердің ҮК білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау кезінде педагогтерді командалық қағидат бойынша, яғни қазіргі сұранысты ескере отырып, бір білім беру ұйымына 2-3 және одан көп педагогтен жібереді. ҮК педагогтерді көшіру, орналастыру, еңбекақы төлеу және оларды қолдаудың тиісті ынталандырушы шаралары пакетімен қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіреді, ол пакетке мыналар кіреді:
«Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20622 болып тіркелді) сәйкес республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен есептелетін лауазымдық айлықақының 150 %-ы мөлшеріндегі ынталандырушы қосымша ақы;
тартылған педагогтерді білім беру ұйымдары басшыларының, басшылар орынбасарларының кадрлық резервіне қосу, оларды оқытуды ұйымдастыру;
екі жылда бір рет «Жылдың үздік жас мұғалімі» конкурсын өткізу (жүлде қоры ретінде Қазақстанның жетекші білім беру ұйымдарында 3 айлық тағылымдама, орта білім беру мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға жіберу көзделеді).»;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«55. Мұғалімдерге тиімді әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «НЗМ» ДБҰ нысаналы өңірлердегі педагогтердің кәсіптік сұранысына диагностика мен зерттеу жүргізеді. Диагностика мен зерттеу педагогтердің кәсіптік сұранысын айқындау бойынша мұғалімдерге, мектеп басшыларына сауалнама жүргізуді, мұғалімдердің ЦТ-құзыреттері деңгейін анықтауды, 1-11-сыныптарда сабақтарды қадағалап, кері байланыс беруді қамтиды.»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Орта білім беру жүйесіне ЦТ тиімді интеграциялау мақсатында нысаналы өңірлерде білім беру ұйымдары педагогтерінің ЦТ-құзыреттері деңгейіне бағалау жүргізіліп, оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленеді.»;
көрсетілген Қағидаларға 1, 6, 7, және 8-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау
шараларының пакетімен тарту конкурсына (бұдан әрі – конкурс)
қатысуға өтініш
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларына
(Арнаулы бағдарлама)
1-қосымша
Нысан
Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау
шараларының пакетімен тарту конкурсына (бұдан әрі – конкурс)
қатысуға өтініш
Мен, _______________________________________________________________,
(педагогтің Т.А.Ә. (бар болса)
ЖСН _______________________________________________________________
Жоғарғы және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы
___________________________________________________________________
Диплом бойынша мамандығы _________________________________________
Оқыту тілі___________________________________________________________
Біліктілік санаты (бар болса) _________________________________
Өңір________________________________________________________________
Мені 20 ____ жылы конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Жеке деректерді өңдеуге келісемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) білім беру ұйымының басшысы растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
2) транскрипт (Transcript) (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтарының түлектері үшін);
3) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты;
4) фотосуреті бар түйіндеме;
5) білімі және біліктілігі туралы құжаттың көшірмесі;
6) электрондық форматтағы 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;
7) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жай-күйі туралы медициналық анықтама;
8) қосымша ақпарат (біліктілікті арттыру, академиялық және ғылыми дәреже берілуі, кәсіптік жетістіктері мен жарияланымдар және тағы басқалар туралы құжаттардың көшірмелері).
«___»___________20____жыл _____________________
(қолы)
______________________________
Басқа 2. Конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларына
(Арнаулы бағдарлама)
6-қосымша
Нысан
Конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері туралы хабарлама
1-нысан
Құрметті ________________________________________________________ !
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің конкурстық комиссиясы
конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша Сіз ұсынылғаныңызды
хабарлайды.
2-нысан
Құрметті ________________________________________________________ !
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің конкурстық комиссиясы конкурстың
екінші кезеңінің нәтижелері бойынша Сіз ұсынылмағаныңызды хабарлайды.
___________________________________
Басқа 3. Қабылдау-тапсыру актісі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысына
3-қосымша
Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларына
(Арнаулы бағдарлама)
7-қосымша
Нысан
Қабылдау-тапсыру актісі
Астана қаласы «___» ________ 20___жыл
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тартудың қағидаларын
(Арнаулы бағдарлама) іске асыру шеңберінде конкурстық іріктеудің екінші кезеңін өткізу
жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) атынан конкурстық
комиссияның төрағасы ______________________________ бір тараптан және
_________________________ облысы білім басқармасының үйлестіру кеңесінің
(облыс атауы)
атынан (бұдан әрі – үйлестіру кеңесі) үйлестіру кеңесінің төрағасы ___________________
екінші тараптан төмендегі туралы осы актіні жасады.
Конкурстық комиссия Бағдарлама шеңберінде конкурстың екінші
кезеңінің нәтижелері бойынша ұсынылған педагогтердің тізімін тапсырады,
ал _________________________ облысының үйлестіру кеңесі қабылдайды.
(облыс атауы)
Бағдарлама шеңберінде конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша ұсынылған педагогтердің тізімі
Р/с №
Т.А.Ә. (бар болса)
Пән
Тапсырды
Қабылдады
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрлігі конкурстық
комиссиясының төрағасы
_____________облысының білім
(облыс атауы)
басқармасы үйлестіру кеңесінің төрағасы
_______________________________
_________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
(қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Мөр орны Мөр орны
______________________________
Басқа 4. ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысына
4-қосымша
Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларына
(Арнаулы бағдарлама)
8-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрлігінің Мұғалімдер тапшылығы
бар өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының пакетімен
тарту қағидаларының (Арнаулы
бағдарлама) шеңберінде педагогтерді
конкурстық іріктеу нәтижелерін қайта
қарау жөніндегі апелляциялық
комиссияның төрағасы ________________________
ӨТІНІШ
Т.А.Ә. (бар болса) __________________________________________________________
Педагогтерді конкурстық іріктеу өткізілген жер _________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________________
(толық, мысалы, trainer@mail.kz), байланыс телефоны)
____________________________________________________________________
(себептердің қысқаша мазмұны, дәлелдер келтіру)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________ байланысты конкурстық іріктеу нәтижелерін
қайта қарауды сұраймын.
Күні ____________________ Қолы ___________________
_______________________________